Қазақстандағы №1 Сауда-бөлшек желісі

«Magnum Сash & Сarry» саясаты Қазақстанның ритейл нарығында тұрақты түрде промо-акциялар жүргізу, ең төменгі бөлшек бағаларды қамтамасыз етуде үздік болу, сондай-ақ сатып алушылар арасында ең жоғарғы ниеттестік деңгейін қамтамасыз ету арқылы қарқынды стратегия жүргізуге бағытталған.

Біз жабдықтаушылармен бірге тауар айналымын арттыруға мүмкіндік беретін және соның нәтижесінде барлық тараптарға кіріс кіргізу мақсатында өзіміздің сатып алушыларға ең үздік бағаны ұсыну үшін жұмыс істейміз.

Жабдықтаушылармен ынтымақтастық келесідей принциптерге негізделеді: қарым-қатынас ашықтығы, адалдық және өзара сенім, сондай-ақ ұзақ мерзімді әріптестік байланыс.

«Magnum Cash & Carry» ынтымақтастыққа бағытталған сенімді іскер әріптес болып табылады. Біз өзіміздің әріптестерімізді құрметтейміз, ынтымақтастықты тереңдетуге, жаңа, неғұрылым нәтижелі  ұсыныстарға және өзара тиімді қарым-қатынас схемасына әзірміз. Біздің бизнес өсуде және біз іскерлік байланыстарымызды кеңейтуге дайынбыз.

Бүгінгі күні біздің сауда кешендерімізде келесідей сауда маркілері ұсынылады:

«Magnum Сash & Сarry» сатып алу, тапсырыс және төлем шарттары бойынша өзінің міндеттемелерін қатаң орындайды.

Жабдықтаушы болу үшін төмендегідей құжаттарды ұсыну керек:

  • Коммерциялық ұсыныс
  • Прейскурант
  • Өнімнің үлгілері
  • Өнімнің сертификаттары

Жабдықтаушы өтінішін толтыру

Тауар жеткізілімін қосуға арналған шарт

Тауар жеткізілімін қосуға арналған шартты бекіту туралы ескертпе

Тауар жеткізіліміне арналған шартқа қосылу туралы өтініш

Жабдықтаушының арыз-шағымдары мен ұсыныстары

Промо-шара өткізуге арналған өтініш-рұқсат

МСС-та сатып алу саласындағы саясат