Magnum | Ифтар Магнумда
Қазақстандағы №1 Сауда-бөлшек желісі

Құрметті сатып алушылар!

2021 жылғы 13 сәуірден 12 мамырға дейін қоса алғандағы қасиетті Рамазан күндерінде Magnum-ның барлық дүкендерінен жеке қолдануларыңызға, сондай-ақ қайырымдылық мақсатында – мешіттерге келетін мұқтаж жандарға көмектесу үшін Ифтар жинақтарын сатып ала аласыздар.

 

Қайырымдылық жасау:
1) дүкен ішінде – кассада ас мәзірінің қандай түрін таңдағандарыңызды айтып, ақысын төлеңіздер;
2) онлайн – төмендегі нысанды толтырыңыздар (Ифтарды таңдап, жинақтар санын көрсетіңіздер, қаланы таңдаңыздар және көрсетілген соманы садақаға беріңіздер). 

Сіздер қайырымдылық ретінде берген әрбір жинаққа Magnum өз атынан тағы бір жинақ қосады.

Ифтар тағамдары біздің филиалдарымызда күнделікті дайындалады және «Уәсилә» қайырымдылық қорының еріктілері мекенжайларға жеткізеді.

Бұған қоса, сіздер садақа жасап, сілтемесі бойынша кез келген соманы аудару арқылы аса мұқтаж жандарды қаражатпен қолдай аласыздар.

 
Пожертвование
Ифтар 1
Ифтар 2
Ифтар 3
Способ платежа
Банковская карта