Қазақстандағы №1 Сауда-бөлшек желісі
С 12/03/2020 До 11/09/2020

 «Нәзіктік — бұл күш» НАУҚАНЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ (бұдан әрі «Ережелер»)

 

  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
    • «Нәзіктік – бұл күш» науқанының (бұдан әрі мәтін бойынша – «Науқан») ұйымдастырушысы «AdversoAgency» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып табылады, заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 125, 800 кеңсесі, БСН 1708 40012651 (бұдан әрі – «Ұйымдастырушы»).   
    • «Нәзіктік – бұл күш» науқанының тапсырыс берушісі Cilag GmbHInternational PO Box 450, Zurich, Switzerland болып табылады.

1.3. Науқан Қазақстан Республикасының (бұдан әрі – ҚР) аумағында «MagnumCash&Carry» ЖШС бөлшек сауда желісі дүкендерінде, Ұйымдастырушының нарығында өткізілетін       «Балаларға арналған Johnson’s» тауар белгісі бар тауарға тұтынушылардың назарын аудару және ақпараттандыру мақсатында өткізіледі. Науқанға қатысатын тауарлар туралы Науқан жөніндегі ақпарат:

РУ http://magnum.kz/actions

КЗ http://magnum.kz/actions

Қатысушы-жеңімпаздың конкурстық жұмысы жарияланымы түріндегі Науқан ережелері мен нәтижелері мекенжайы бойынша орналастырылған «Интернет» ақпараттық-телекоммуникациялық желісіндегі сайта (бұдан әрі  - Сайт) орналасқан.   

Сайтқа кіре отырып, жеңімпаздар көрнекі үлгідегі Ережелермен танысу мүмкіндігін алады.

  • Тұтынушыға сатып алуы Науқанда қатысуға құқық беретін балаларға арналған Johnson’s® сауда белгісі бар, Қазақстан Республикасының нарығында өткізілетін тауарлардың тізбесі (бұдан әрі «Өнім»):

Балаларға арналған Johnson’s®

ЖЫЛТЫР БҰРЫМДАР JOHNSON’S® БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН СУСАБЫНЫ 300МЛ ҚҰТЫ

БАСТАН АЯҚҚА ДЕЙІН JOHNSON’S® СУСАБЫН-КӨБІГІ 500МЛ ҚҰТЫ

JOHNSON’S® БАЛАЛАР МАЙЫ 200МЛ ҚҰТЫ

ТАБИҒАТ НӘЗІКТІГІ JOHNSON’S® ЫЛҒАЛДАНДЫРАТЫН КРЕМІ 100МЛ ТҮТІК

JOHNSON’S® РОМАШКА CУСАБЫНЫ 300МЛ

ЖУЫНУҒА/ШОМЫЛУҒА АРНАЛҒАН JOHNSON’S® НӘЗІК МАҚТА КӨПІРШІКТІ СУСАБЫНЫ 300МЛ ҚҰТЫ

БАЛАЛАРҒА ҰЙЫҚТАР АЛДЫНДА ҚОЛДАНУҒА АРНАЛҒАН JOHNSON’S® САБЫНЫ 100 ГР КНВРТ

БАБАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚҰРАМЫНДА СҮТ БАР JOHNSON’S® САБЫНЫ 100 ГР КНВРТ

БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН JOHNSON’S®  СЕППЕСІ 100ГРҚҰТЫ

БАЛАЛАРҒА ҰЙЫҚТАР АЛДЫНДА ҚОЛДАНУҒА АРНАЛҒАН JOHNSON'S® МАЙЫ 200МЛ

БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН JOHNSON'S® НӘЗІК КҮТІМ ИІС МАЙЫ 100 ГР ТЮБ

ЛАВАНДА ҚОСЫЛҒАН JOHNSON'S® ҰЙЫҚТАР АЛДЫНДА СУСАБЫНЫ 300МЛ ҚҰТЫ

Балаларға бетке және денеге арналған JOHNSON'S® мақта нәзіктігі сүті200 мл

ШАШ ПЕН ДЕНЕНІ НӘЗІК ТАЗАРТУҒА АРНАЛҒАН БАЛАЛАРДЫҢ JOHNSON'S® 2-де 1 сусабыны және гелі

ШОМЫЛҒАНДА ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН JOHNSON'S® ПЕН БАСТАН АЯҚҚА ДЕЙІН КӨПІРШІГІ 300 МЛ ТЮБ

БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН JOHNSON'S® МАҚТА НӘЗІКТІГІ 0+ МАЙЫ 200МЛ ҚҰТЫ

ЖУУНУҒА/ШОМЫЛУҒА АРНАЛҒАН JOHNSON'S® МАҚТА НӘЗІКТІГІ СУСАБЫН-КҚПІРШІГІ 500МЛ ҚҰТЫ

ҚҰТЫ ҰЙЫҚТАР АЛДЫНДА  ШОМЫЛУҒА АРНАЛҒАН JOHNSON'S®  КӨПІРШІГІ 300МЛ

JOHNSON'S® СУСАБЫНЫ 300МЛ ҚҰТЫ

БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН JOHNSON'S® АЛОЕ ҚОСЫЛҒАН МАЙЫ 200 МЛ ҚҰТЫДА

ЖУЫНУҒА ЖӘНЕ ШОМЫЛУҒА АРНАЛҒАН Johnson's® baby ЖҰМСАҚ ГЕЛІ 300 мл

БАЛАЛАРДЫҢ JOHNSON'S® ШАШТЫ ҚАТАЙТАТЫН СУСАБЫНЫ 300МЛ ҚҰТЫДА

JOHNSON'S® ТҮЙМЕДАҚ СУСАБЫНЫ 500МЛ ҚҰТЫ

БАЛАЛАРДЫҢ JOHNSON'S® ЛАВАНДА ҚОСЫЛҒАН СЕППЕСІ 100ГР ТЮБ

Johnson's® Жаялықша кигізердің алдында қолдануға арналған балалар кремі50 г

Қол мен бет және денеге арналған балалардың JOHNSON'S® кремі 50ГР ТЮБ

БАЛАЛАРДЫҢ ШАШЫНА АРНАЛҒАН JOHNSON'S® ЖЫЛТЫР БҰРЫМ СУСАБЫНЫ 500МЛ ҚҰТЫ

БАЛАЛАРДЫҢ JOHNSON'S® ҰЙЫҚТАР АЛДЫНДА СУСАБЫНЫ 500МЛ ҚҰТЫ

БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН  JOHNSON' S® ЖЫЛТЫР БҰЙРАЛАР СПРЕЙ-КОНДИЦИОНЕР 200МЛ ҚҰТЫ

JOHNSON'S® ШАШҚА АРНАЛҒАН БАЛАЛАРДЫҢ СУСАБЫНЫ   500МЛ ҚҰТЫ

БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН JOHNSON'S® PURE PROTECT ТАЗАРТУ САБЫНЫ 100ГКНВРТ

Қ/А JOHNSON'S® БАЛ ЖӘНЕ ЖАСЫЛ ШАЙ ҚОСЫЛҒАН БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН СҰЙЫҚ САБЫН

JOHNSON'S® ТҮЙМЕДАҚ СУСАБЫНЫ 300МЛ ҚҰТЫ

БАЛАЛАРДЫҢ ШАШЫНА АРНАЛҒАН JOHNSON'S® ЖЫЛТЫР БҰРЫМ СУСАБЫНЫ 300МЛ ҚҰТЫ

БАСТАН АЯҚҚА ДЕЙІН JOHNSON’S® СУСАБЫН-КӨБІГІ 500МЛҚҰТЫ

ҰЛДАРҒА АРНАЛҒАН JOHNSON'S® СУСАБЫНЫ 300 МЛ ҚҰТЫ

БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ТҮЙМЕДАҚ ҚОСЫЛҒАН JOHNSON'S® МАЙЫ200МЛ ТЮБ

JOHNSON'S®ЖУЫНУҒА АРНАЛҒАН 3-те1 ГЕЛІ 200МЛ ҚҰТЫ

JOHNSON'S® ТҮЙМЕДАҚ СУСАБЫНЫ 500МЛ ҚҰТЫ

ЛАВАНДА ҚОСЫЛҒАН JOHNSON'S® ҰЙЫҚТАР АЛДЫНДА ҚОЛДАНУҒА АРНАЛҒАН СУСАБЫН 500МЛ ҚҰТЫ

JOHNSON'S® ЖҰМСАҚ ТАЗАРТҚЫШ СУСАБЫН 500МЛ ҚҰТЫ

БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН JOHNSON'S® PURE PROTECT КӨПІРШІК-ГЕЛІ 300МЛ ҚҰТЫ

JOHNSON'S® БАДАМ МАЙЫ ҚОСЫЛҒАН БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН САБЫНЫ 100ГРКНВРТ

Қ/А ҚОЛҒА ЖӘНЕ ДЕНЕГЕ АРНАЛҒАН JOHNSON'S® PUREPROTECT 2В1 БАЛАЛАРДЫҢ СҰЙЫҚ САБЫНЫ 3

JOHNSON'S® БАЛ ҚОСЫЛҒАН БАЛАЛАР САБЫНЫ 100ГРКНВРТ

JOHNSON'S® МАЙЛЫҒЫ 64 ДАНА ГР/У

МАҚТА НӘЗІКТІГІ JOHNSON'S® МАЙЛЫҒЫ 56 ДАНА ҚҰТЫ/П

МАҚТА НӘЗІКТІГІ JOHNSON'S® МАЙЛЫҒЫ 112 ДАНА ГР/У

JOHNSON'S® НӘЗІК ҚАМҚОРЛЫҚ  ЫЛҒАЛДЫ МАЙЛЫҚТАРЫ ҚАПТАМАДА  128ДАНА  ГР

JOHNSON'S® НӘЗІК ҚАМҚОРЛЫҚ  ЫЛҒАЛДЫ МАЙЛЫҚТАРЫ 20 ДАНА  П/П

Johnson's® baby МАҚТА ТАЯҚШАСЫ 100 ДАНА

БАСТАН АЯҚҚА ДЕЙІН  JOHNSON' S® МАЙЛЫҚТАР ЖИНАҒЫ ХОС ИІСТЕНДІРГІШТЕРСІЗ  2 * 56

БАСТАН АЯҚҚА ДЕЙІН  JOHNSON'S® МАЙЛЫҚТАРЫ ХОС ИІСТЕНДІРГІШСІЗ 56ДАНА ҚҰТЫ/П

JOHNSON'S® ҮШ ӨЛШЕМДІ ҚОРҒАНЫС МАЙЛЫҒЫ 48 ДАНА ҚҰТЫ/П

 

  • Науқанда Қазақстан Республикасында тұратын 18 жастағы және одан жасы үлкен адамдар, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын адамдар (бұдан әрі – «Қатысушылар) қатыса алады. Науқанға осы Ережелердің 3.1 тармағында көрсетілген іс-әрекеттер жасаған Қатысушылар жіберіледі. Науқанға қатысуға Науқан Ұйымдастырушысы мен Тапсырыс берушінің қызметкерлері және олармен үлестес тұлғалар, сондай-ақ, олардың отбасы мүшелерін қоса алғанда, Науқанды ұйымдастыруға және/немесе өткізуге тікелей қатысы бар кез келген жеке және/немесе заңды тұлғалар жіберілмейді.  Ережелердің осы тармағында көрсетілген тұлғалардан келіп түскен Науқанға қатысуға арналған өтінімдер Ұйымдастырушымен қабылданбайтын болады.
  • Науқан өткізудің жалпы мерзімі - 2020 жылғы 12 наурыз күні сағат 00:00 минут 00 секундтан бастап 2020 жылғы 11 қыркүйек күні сағат 23:59 минут 59 секундты қоса алғанға  дейін (осы Ережелердің осы тармағында және бұдан әрі мәтін бойынша уақыт түсінігінде Астана қаласы бойынша уақыт түсіндірледі).

1.6.1. Науқанға қатысуға өтінімдерді қабылдау кезеңі – 2020 жылғы 12 наурыздан бастап 2020 жылғы 11 қыркүйек күні сағат 23:59 минут 59 секундқа дейін.

1.6.2.  Жеңімпаздарды анықтау және Жүлделерді беру кезеңі – 2020 жылғы 12 наурыздан бастап 2020 жылғы 15 қазанға дейін.

Жеңімпаздарды анықтау және оларға жүлделерді беру тәртібі мен мерзімдері туралы толық ақпарат осы Шарттардың 4 тарауында белгіленген.

  • Науқанға қатысу Қатысушы осы ережелермен танысқандығын және олармен толық келісетіндігін білдіреді.
  • Чек – электрондық нысанда қалыптасқан және/немесе бақылау-кассалық техниканы қолдану туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін Өнімді сатып алушы (Қатысушы) мен Қазақстан Республикасының аумағында Өнімді өткізетін тұлға арасында есептесу сәтінде бақылау-кассалық техниканы қолдана отырып басып шығарылған кассалық чек. Кассалық чек Өнім атауын қамтуы және оқылатындай болуы тиіс.

Чектерді тану және қабылдау Чекте көрсетілген деректер, нақтырақ айтқанда:

  • Қазыналық құжаттың реттік нөмірі;
  • Құжаттың қазыналық белгісі;
  • Чектің күні, уақыты және сомасы;
  • Сатып алынған Өнімнің атауы мен саны бойынша жүргізіледі.
  • Қазыналық чек Қазақстан Магнум Сауда желісінде алынған болуы тиіс.

Науқан шарттарына сәйкес Қатысушымен ұсынылған Чектің Ережелердің осы тармағында белгіленген талаптарына сәйкессізідігі жағдайында Науқанға қатысуға арналған өтінім Ұйымдастырушымен қабылданбайды.

1.9. Осы Ережелермен қарастырылмаған барлығында Ұйымдастырушы, Қатысушылар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.

  1. НАУҚАННЫҢ ЖҮЛДЕ ҚОРЫ
    • Науқанның жүлде қоры:

Ай сайынғы жүлде – «Magnum» супермаркеттер желісінде сатып алулар жасау үшін 5000 теңгеге арналған сертификат  

Ай сайынғы жүлдені табыстау тәсілі осы Ережелердің 4 тарауында сипатталған.

Ай сайынғы жүлделер саны – 30 (отыз) бірлік. Барлығы 180 (жүз сексен) жүлде бірлігі.

  1. НАУҚАНҒА ҚАТЫСУ ЖӘНЕ ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ АНЫҚТАУ ТӘРТІБІ
    • Науқанға қатысу үшін, Қатысушы осы Ережелердің 1.5.1 тармағында көрсетілген мерзім ішінде:
    • Магнум Қазақстан желісінде кем дегенде 2000 (екі мың) теңге сомасына балаларға арналған Johnson’s® өнімін сатып алу;
    • Осы Ережелердің 1.7 тармағында белгіленген талаптарға сәйкес чек алу;

Instagram-дағы жеке аккаунтына  # НЕЖНОСТЬЭТОСИЛА хэштегімен сурет салу;

  • Суретте ата-ананың өз баласына мейірімділік білдерген сәт бейнеленуі тиіс.
  • Ұйымдастырушы қатысушылардың фотосуреттерін жалпы қолжетімділікте пайдалануға және жариялауға құқықты өзіне қалдырады.
  • Қатысушының аккаунты қарау үшін ашық болуы тиіс.
  • Қатысушының сәйкестендіргіші фотосуреттер жарияланған қатысушының аккаунты болып табылады. Аккаунт бойынша фотосуреттер қадағаланады. Келесі жағдайларда хэштегі бар фотосуреттер қате деп танылады, есептелмейді және тіркелмейді:
    • Зорлық, сексуалдық және өрескел сипаттағы көріністердің болуы;
    • Төмен сападағы фотосурет;
    • Осы ережелердің 1.5.1 тармағында белгіленген белсенділік кезеңі (12 наурыз 2020 жыл сағат 00:00 минут 01 секунд) басталған күнге дейін салынған;
    • Осы ережелердің 1.5.1 тармағында белгіленген белсенділік кезеңі (11 қыркүйек 2020 жыл сағат 23:59 минут 59 секунд) аяқталғаннан кейін салынған;
    • Чекте көрсетілген сатып алынған зат Осы ережелердің 1.5.1 тармағында көрсетілген Науқан кезеңінен тыс жасалған (2020 жылғы 12 наурыз күні сағат 00:00 минут 00 секундтан бастап 2020 жылғы 31 тамыз күні сағат 23:59 минут 59 секундқа дейін);
    • Жабық аккаунт (фотосурет аккаунтында шыққан кейін);
    • Қатысушымен 24 сағат ішінде 3 (үш) және одан көп сурет салынды;

Барлық фотосуреттер және аккаунт туралы деректер Науқан қатысушылары туралы ақпарат қамтылған Ұйымдастырушының (оның уәкілетті тұлғасы) деректер базасында сақталады.   

  • Қатысушы осы Шарттардың 1.5 тармағында белгіленген Науқан өткізудің жалпы мерзімі аяқталғанға дейін Чекті сақтауы тиіс. Қатысушыны жеңімпаз деп тану үшін Ұйымдастырушы Қатысушыдан оны жеңімпаз деп тану процессінде Чек түпнұсқасының болуын растауды талап ете алады.
  • Қатысушы Ұйымдастырушыға Жүлдені алу үшін ұсынылатын өзі туралы дәйекті деректерді көрсетуге міндеттенеді және кепілдік береді. Науқанды жүргізудің кез келген кезеңінде (соның ішінде жеңімпаздарға жүлде берген кезде) дәйкесіз мәліметтердің көрсету фактісі анықталған кезде, Ұйымдастырушы Қатысушы өтінімінің күшін жойып, мұндай қатысушыға жүлдені беруден бас тартуға құқылы.
  • Ұйымдастырушы егер Қатысушы тарапынан жосықсыз іс-әрекеттерді анықтаған болса, Қатысушы керіні дәлелдемеген жағдайда, Қатысушыны бұғаттауға (Науқан шеңберінде соңғысымен жүргізілетін Қатысушының барлық іс-әрекеттерін бұғаттау) және/немесе оның жүлдедерді алуына және Науқанға алдағы уақытта қатысуына бас тартуға құқылы.
  • Қатысушының сәйкестендіргіші фотосуреттер қойылған аккаунт болып табылады.
  • Ай сайынғы жүлделерді алатын жеңімпаздар келесі түрде айқындалады:

Ай сайын, өз аккаунтына алдыңғы аптада фотосуреттер салған Қатысушылар арасында ай сайынғы жүлделердің 30 (отыз) жеңімпаздары анықталады. 

  • Ұтыс ойыны келесі сызба бойынша кездейсоқ сандардың генераторы арқылы жүргізіледі:

1-ші ҚАДАМ – Ұйымдастырушы қатысушылардың бүкіл тізімін Excel пішімінде жинайды. Бейнеде №1-шіден бастап соңғы қатысушыға дейін ірі пішімде көрсетеді.  Процессті баяндайды.

2-ші ҚАДАМ – бұл тізім көшіріледі және www.random.org сайтында ListRandomizer-де іздестіру үшін арнаулы жолаққа қойылады.  Үлкейтілген пішімде барлық процессті және №1-шіден бастап соңғы қатысушыға дейінгі тізімді көрсетеді. Процессті баяндайды.

3-ші ҚАДАМ – Ұйымдастырушы «Randomize» пернесін басады, сандарды іздестіру жүргізіледі. Үлкейтілген пішімде барлық процессті көрсетеді. Процессті баяндайды.

4-ші ҚАДАМ – Тізім қалыптасады. Бейнеде үлкейтілген көлемде №1 нөмірімен айқындалған қатысушыны көрсетеді және жеңімпаздың Instagram аккаунтының атауын дауыстап (қатты, нақты) айтылады. Құттықтайды. Жүлдені беру мәселесі бойынша InstagramDirect-ке жеке хабарлама жазу арқылы жеңімпазбен қай күні және уақытта байланысатындығын айта  отырып, соңғы сөзін айтады.

Ай сайынғы жүлделерді алатын жеңімпаздарды анықтау ай сайын келесі кестеге сәйкес (Астана уақыты бойынша) жүргізіледі:

  • 1-ші айдың жеңімпаздары

12 наурыз 2020 жылы сағат 00:00 минут 00 секунд пен 11 сәуір 2020 жыл сағат 23:59 минут 59 секунд арасындағы кезеңде қойылған аккаунттар арасында анықталады.

Бірінші айдың жеңімпазын анықтау күні: 12.04.2020 ж.

Бірінші айдың Жеңімпазы (ұтыс ойынында қатысқан фотосурет пен жеңімпаздың Instagram-дағы аккаунты) туралы ақпаратты жариялау мерзімдері: 20.04.2020 жылдан кешіктірілмей.

  • 2-ші айдың жеңімпаздары

12 сәуір 2020 жылы сағат 00:00 минут 00 секунд пен 11 мамыр 2020 жыл сағат 23:59 минут 59 секунд арасындағы кезеңде қойылған аккаунттар арасында анықталады.

Бірінші айдың жеңімпазын анықтау күні: 12.05.2020 ж.

Бірінші айдың Жеңімпазы туралы ақпаратты жариялау мерзімдері: 20.05.2020 жылдан кешіктірілмей

  • 3-ші айдың жеңімпаздары

12 мамыр 2020 жылы сағат 00:00 минут 00 секунд пен 11 маусым 2020 жыл сағат 23:59 минут 59 секунд арасындағы кезеңде қойылған аккаунттар арасында анықталады.

Бірінші айдың жеңімпазын анықтау күні: 12.06.2020 ж.

Бірінші айдың Жеңімпазы туралы ақпаратты жариялау мерзімдері: 20.06.2020 жылдан кешіктірілмей

  • 4-ші айдың жеңімпаздары

12 маусым 2020 жылы сағат 00:00 минут 00 секунд пен 11 шілде 2020 жыл сағат 23:59 минут 59 секунд арасындағы кезеңде қойылған аккаунттар арасында анықталады.

Бірінші айдың жеңімпазын анықтау күні: 12.07.2020 ж.

Бірінші айдың Жеңімпазы туралы ақпаратты жариялау мерзімдері: 20.07.2020 жылдан кешіктірілмей

  • 5-ші айдың жеңімпаздары

12 шілде 2020 жылы сағат 00:00 минут 00 секунд пен 11 тамыз 2020 жыл сағат 23:59 минут 59 секунд арасындағы кезеңде қойылған аккаунттар арасында анықталады.

Бірінші айдың жеңімпазын анықтау күні: 12.08.2020 ж.

  • Бірінші айдың Жеңімпазы туралы ақпаратты жариялау мерзімдері: 20.08.2020 жылдан кешіктірілмей
  • 6-шы айдың жеңімпаздары

12 тамз 2020 жылы сағат 00:00 минут 00 секунд пен 11 қыркүйек 2020 жыл сағат 23:59 минут 59 секунд арасындағы кезеңде қойылған аккаунттар арасында анықталады.

Бірінші айдың жеңімпазын анықтау күні: 12.09.2020 ж.

Бірінші айдың Жеңімпазы туралы ақпаратты жариялау мерзімдері: 20.09.2020 жылдан кешіктірілмей

  • Егер Қатысушы Ұйымдастырушы сұранысы бойынша салынған фотосурет туралы растауды немесе осы Ережелердің 4.4 тармағында қарастырылған басқа құжаттарды ұсына алмаса, мұндай Қатысушы Жүлде алуға құқығын жоғалтады.
  1. ЖҮЛДЕЛЕРДІ ТАБЫСТАУ ТӘРТІБІ МЕН МЕРЗІМДЕРІ
    • Жүлделерді табыстау тәртібі:
      • Ай сайынғы жүлдені табыстау осы Ережелердің 4.4 тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес Ай сайынғы жүлдені алу үшін қажетті барлық құжаттарды жеңімпаз Ұйымдастырушыға ұсынған сәттен бастап 10 (он) күнтізбелік жұмыс күні ішінде курьерлік компания арқылы жеткізу жолымен жүргізіледі. Ай сайынғы жүлдені алған сәтте жеңімпаз жүлдені табыстау туралы актіге қол қоюға міндетті.
      • Жеңімпаз деп танылған Қатысушы Ай сайынғы жүлдені алу үшін Қатысушы Ұйымдастырушы info@adverso.kz-ке дербес деректерді ұсынады (ТАӘ, ұялы телефон, жеке басын растайтын құжат, тұрғылықты мекенжайы, ЖСН, электрондық поштасының мекенжайы). Қатысушы өзінің деректерін дербес тексереді. Ұйымдастырушы Қатысышымен дәйексіз немесе толық емес деректерді ұсынылған жағдайда, Қатысушының жүлдені алмағаны үшін жауапкершілік артпайды.
      • Ұйымдастырушы Қатысушыға табыстау сәтінде жүлдені беру бойынша міндеттемелерін орындадыд деп саналады. Табыстау сәті табыстау күні болып табылады.
      • Ұйымдастырушы Науқанға Қатысушы дәйексіз деректер ұсынған жағдайда жауапкершілік артпайды: тегі, аты, әкесінің аты.
      • Осы Ережелердің 1.5 тармағында көрсетілген Науқанды өткізудің бүкіл кезеңінде әр Қатысушы 1 (бірден) ай сайынғы жүлдеден артық ала алмайды.
    • Ұйымдастырушы Ай сайынғы жүлдені ұту туралы жеңімпаздарды фотосурет салынған аккаунтқа хабарлама жолдау арқылы хабарлайды.
    • Ай сайынғы жүлдені алу үшін жеңімпаздар Ұйымдастырушыдан (оның уәкілетті тұлғасынан) ұтыс туралы хабарламаны алған сәттен бастап 3 (үш) күн ішінде Жүлдені алу үшін Ұйымдастырушының пошталық мекенжайына (info@adverso.kz) қажетті құжаттар мен деректері бар хаты жолдау арқылы қажетті ақпаратты ұсынуға міндетті. Қатысушымен Ұйымдастырушының нөміріне жолданған қажетті құжаттар Ұйымдастырушымен бірден өшірілетін болады.
    • Ай сайынғы жүлдені алу үшін Ұйымдастырушыға жеңімпаздармен ұсынылатын құжаттар тізімі:
      • ТАӘ, ұялы телефон нөмірі, жеке басын растайтын құжат, тұрғылықты мекенжайы, ЖСН.
      • Өнімді сатып алуды растайтын Чектердің түпнұсқасы.  
    • Егер жеңімпаз Ұйымдастырушыға (уәкілетті тұлғаға) осы Ережелердің 4.4 тармағында аталған құжаттар мен ақпаратты осы Ережелердің 4.3 тармағында көрсетілген мерзімде ұсынбаған жағдайда, ж.лде талап етілмеген болып табылады және Ұйымдастырушы оған өз қалауы бойынша иелік етуге құқылы.
    • Осы ережелердің 4.4.1 тармағында көрсетілген құжаттардың фотосуреттері/скан-көшірмелері айқын оқылатын әріптері мен санларымен болуы тиіс, төлқұжат парақтарының скан-көшірмелері келесі деректерді қамтуы тиіс: төлқұжаттың сериясы және нөмірі, бөлімше кодын көрсете отырып, төлқұжатты берген органның атауы, төлқұжатты беру күні, тегі, аты, әкесінің аты, туған күні мен орны. Фотосуреттер/скан-көшірмелер мұндай араласу бейне сапасын жақсарту мақсатымен қолданылған жағдайлардан басқа техникалық араласу (бейнелерді түзетуге арналған бағдарламалармен өңдеу) белгілерін қамтымауы тиіс.
    • Жүлде кез келген келесі жағдайларда берілмейді:
      • Науқанды өткізумен байланысты қатысушы құқыққа қайшы іс-әрекеттерді жасаған жағдайда;
      • Қатысушы осы Ережелержің сақтамаған кезде;
      • Қатысушы осы ережелерде көрсетілген ақпаратты/құжаттарды ұсынбаған және/немесе Апта сайынғы жүлдені табыстау туралы Актіні қол қоюдан бас тартқан жағдайда;
      • Егер Қатысушы Науқанға қатысудан бас тартқан және өзінің дербес деректерін өңдеуге өз келісімін шақыртып алған жағдайда;
      • Егер Қатысушы ұтыс туралы хабарлама Қатысушыға жолданған күннен бастап 3 (үш) күн ішінде Науқанның Ұйымдастырушысымен байланысқа шықпаған жағдайда;
    • Науқан ұйымдастырушысы Науқан Жеңімпаздарына жүлдедерді беру тәсіліні өзгертуге құқықты өзіне қалдырады.
  2. науқан шарттары туралы хабардар ету тәртібі және тәсілдері
    • Науқан, оның атауы, оны өткізу тәсілі, Ұйымдастырушы атауы, Науқан өткізу аумағы, Науқан өткізу мерзімдері, жүлделерді табыстау тәртібі мен негіздемелері туралы ақпараттандыру:
  • magnum.kz сайтында
  • жария орындарында орналастырылатын және жарияланатын Жарнама материалдарының көмегімен жүзеге асырылады.
    • Ай сайынғы жүлделерді ұтып алған жеңімпаздар туралы ақпарат www.magnum.kz сайтында «Жеңімпаздар» тарауында @ivanovivan пішінінде жеңімпаздың инстаграмм аккаунтында көрсетілген нысанда орналастырылады.
    • Ұйымдастырушы фотосуретты жариялау немесе басқа мәселелермен байланысты техникалық ақаулар үшін жауапкершілік артпайды:
      • Қатысушыда ақпараттық-телекоммуникациялық Интернет желісіне қосылу мүмкіндігі болмағандығы және осыған байланысты фотосуретті орналастыру мүмкінсіздігі үшін;
      • Instagram-ды техникалық себептер бойынша немесе басқа шектеулермен байланысты пайдалану мүмкінсіздігі;
      • Тұлға мен ұялы байланыс операторы арасындағы қарым-қатынастар шартын бұзғандығы және соның салдарынан фотосуреттерді жариялау мүмкінсіздігі үшін.
  1. науқанның қосымша шарттары
    • Ұйымдастырушы осы Ережелермен қарастырылған Науқан шарттарына қатысты жарнамалық және басқа материалдарды жария орындарында жариялауға және орналастыруға құқығы бар.
    • Егер қандай да бір себеппен осы Науқанның кез келген аспектісі компьютерлік вирустармен зақымдалудан, Интернет желісіндегі ақаулар, дефекттерден, айла-шарғы жасаудан, рұқсат етілмеген араласудан, бұрмалаулардан, техникалық ақаулардан немесе Науқанның орындалуын, қауіпсіздігін, адалдығын, бүтіндігін немесе тиісінше өткізілуін бұрмалайтын немесе қозғайтын кез келген себептен туындайтын себептерді қоса отырып, жоспарланғандай өтпеген болса, Ұйымдастырушы жеке-дара қалауы бойынша Науқанның күшін жоюға, тоқтатуға, өзгертуге немесе уақытша тоқтатуға немесе осы Науқанда қатысуға кез келген қозғалған өтінімдерді жарамсыз деп тануға құқылы. 
    • Ұйымдастырушы біржақты тәртіпте өзгертулер енгізгенге дейін кем дегенде 1 (бір) күн бұрын әр өзгеріс туралы міндетті түрде хабарлай отырып, Сайтта осы Ережелержің жаңа редакциясын жариялау арқылы осы Ережелерге өзгертулер енгізуге құқылы.  Конкурсқа Қатысушылар осы ережелерге енгізілетін өзгертулердің дербес қадағалауға міндетті. Егер жарияланымда басқа көрсетілмесе, оларды жариялаған күннен бастап өзгертілген немесе күшін жойған болып саналады. Бұл ретте, егер Қатысушы Ұйымдастырушының мекенжайына Ережелер өзгертілген сәттен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде осы ережелердің өзгертулерін қабылдаудан бас тартуды жолдамаса, сондай-ақ, өзгертулер күшіне енгеннен кейін Ұйымдастырушымен жаңа шарттарды жүргізілетін Конкурста қатысуын жалғастыру бойынша іс-әрекеттер жасаған болса, өзгертулер Қатысушымен қабылданған болып саналады. 
    • Ұйымдастырушы өзінің білгенінше Қатысушының Науқанға қатысуын жарамсыз деп тануға және/немесе кез келген сәтте Қатысушы осы Ережелерді бұзған жағдайда науқанға алдағы қатысуына тыйым салуға құқылы.   
    • Ұйымдастырушы Науқан өткізуге қатысы жоқ мәселелер бойынша Қатысушылармен жазабаша немесе ауызша келіссөздерге түспеу құқығын өзіне қалдырады.
    • Қатысушы жүлде алудан бас тартқан жағдайда Ұйымдастырушы қайтадан ұтыс ойынын өткізеді.
    • Науқан өткізу барысында Қатысушыда туындаған барлық мәселелер, тілектер мен талаптар Қатысушылармен Ұйымдастырушыға AdversoAgency-ден арнайы ашылған электрондық поштасы info@adverso.kz электрондық поштасының мекенжайы бойынша жолдана алады. Ұйымдастырушы өтініш алған сәттен бастап 24 (жиырма төрт) сағат ішінде Қатысушының өтінішіне өтініш жіберілген Қатысушының электрондық поштаның мекенжайынан жолданған жауап хаты арқылы жауап жолдайды.
    • Қатысушы Науқанқа қатысу үшін жеке аккаунтында жариялаған фотосуреттің авторы, оған айрықша құқықтың иегері екендігіне кепілдік береді және оны жаңғыртуға, таратуға, жария көрсетуге, эфир және кабель бойынша хабарлауға, жаппай мәліметіне жеткізуге құқықты қоса отырып, оны пайдалануға құқықтар үшінші тұлғаларға берілмегендігін растайды.   

Науқанға қатыса отырып, Қатысушы Ұйымдастырушыға келесідей өзінің дербес деректерін өңдеуге, атап айтқанда дербес деректерді жинауға, жазып алуға, жүйелендіруге, жинақтауға, сақтауға, нақтылауға (жаңартуға, өзгертуге), шығаруға, пайдалануға, бұғаттауға, өшіруге, жоюға, сондай-ақ, беруге (таратуға, ұсынуға, қол жеткізуге)  келісімін береді: Науқанда қатысу және Жүлдені алу үшін ТАӘ, төлқұжат деректері, ұялы телефон нөмірі, электрондық поштаның мекенжайы, тұрғылықты орынның мекенжайы, ЖСН.  Көрсетілген дербес деректер Науқанды ұйымдастыруға және өткізуге, соның ішінде Ұйымдастырушының үлестес тұлғаларына қатысы бар үшінші тұлғаларға дербес деректер туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте алынған деректерді қорғау және құпиялылықты қамтамасыз етуге міндеттенген жағдайда беріле алады. Осы тармақта көрсетілген дербес деректерді өңдеуге автоматтандыруды құралдарын қолданумен, дәл солай қолданбастан жол беріледі. 

Науқанға қатыса отырып, Қатысушы дербес деректердің субъектісі ретінде ол Ұйымдастырушының орналасқан мекенжайына хаты жолдау арқлы Ұйымдастырушыға жүгініп, дербес деректерді өңдеуге өзінің келісімін  шақыртып ала алатындығы белгілі екендігін растайды. Қатысушымен дербес деректерді өңдеуге келісімін шақыртып алған жағдайда, Қатысушының дербес деректерін өңдеу Ұйымдастырушыға тиісті жазбаша шақыртып алу келісімі келіп түскен күннен бастап отыз күннен аспайтын мерзімде тоқтатылады, бұл ретте  осы Қатысушы Науқанға алдағы қатысуға және жүлдені алуға жіберілмейді. Ұйымдастырушы қолданыстағы заңнамада қарастырылған жағдайларда дербес деректерді өңдеуге келісімін шақыртқаннан кейін Қатысушының дербес деректерін өңдеуді жалғастыруға құқылы. Дербес деректерді өңдеу Науқанды жүргізу, дербес деректердің субъектісін рәсімдеу және осы жүлделерді беруді жүзеге асыру, сондай-ақ, Науқанға қатысты онымен кез келген байланысты жүзеге асыру, соның ішінде Науқанның Ұйымдастырушысынан немесе Тапсырыс берушісінен осы Науқан шеңберінде ұсынылған байланыс құралдары арқылы жаңа ұсыныстарды (ақпараттық және басқа материалдар) жіберу және алу мақсатында жүргізіледі.

  • Дербес деректерді өңдеу осы Ережелерде белгіленген мақсаттар мен шектерді жүргізіледі. Дербес деректерді өңдеуге көрсетілген келісім Науқан Қатысушысымен Науқан өткізу мерзіміне және ол аяқталғаннан кейін 1 жылға ғана беріледі.
  • Барлық жеке ақпарат, соның ішінде Қатысушының есімі, жасы, байланыс телефонының нөмірі Ұйымдастырушымен басқа науқандарға қатысуға шақыру үшін қолданыла алады.
  • Науқанға қатысуды қабылдай отырып, Қатысушы Науқан Ұйымдастырушысына осы Ережелердің барлық ережелерімен, атап айтқанда, бірақ төмендегімен шектелмей толық таныстырылғандығы және келіскендігін растайды:
    • Науқанға қатысу туралы жарнамалық сұхбатқа қатысуға, соның ішінде радио мен телевизия үшін, басқа да бұқаралық ақпарат құралдарына қатысуға, сондай-ақ, Ұйымдастырушымен және/немесе Ұйымдастырушы тапсырмасы бойынша үшінші тұлғалармен қатысушыға фото-, бейнетүсірілім жүргізуге, сондай-ақ, қосымша келісімсіз және мұндай қолдану үшін ешқандай сыйақы төлеместен, қатысушы бар фото-, бейне түсірілімдерді қолдануға, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында, ақпараттық-телекоммуникациялық Интернет желісінде, радио және/немесе телевизияда, атап айтқанда, жарнамалық мақсаттармен фото-, бейне түсірілімдерді үшінші тұлғаларға қолдану құқығын беру құқығымен қолдануға;
    • Науқан Ұйымдастырушысынан немесе уәкілетті үшінші тұлғалардан осы Науқанды өткізумег байланысты ақпараттық СМС-хабарламаларды алуға, сондай-ақ, жарнамалық хабарламаларды және басқа ақпаратты, соның ішінде Ұйымдастырушы туралы және Ұйымдастырушымен және (немесе) электр байланысы желілері арқылы таратылатын өндірілетін және (немесе) өткізілетін тауарлар туралы ақпаратты алуға;
  • Ұйымдастырушы Қатысушымен толық емес, ескірген, дәйексіз ақпарат ұсыну салдарынан осы Ережелерге сәйкес өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда жауапкершілік артпайды.
  • Науқанның барлық қатысушылары Науқанға қатысумен байланысты тартқан барлық шығыстарды (соның ішінде шектеусіз, Интернет желісіне қол жеткізумен байланысты шығыстар) дербес төлейді.
  • Науқанның ұйымдастырушысы келесі жағдайларда Қатысушылар, соның ішінде Науқан жүлделерінің жеңімпаздары алдындажауапкершілік артпайдды:
  • Науқан Ұйымдастырушысына байланысты емес себеп бойынша оны жеңімпаз деп тану туралы Қатысушы уақытылы хабардар етілмеген;
  • Осы Науқанға қатысуға кедергі келтіретін, Қатысушы қосылған интернет желісі операторларының/провайдерлерінің жұмыс ақаулығы, сондай-ақ, иегерлердің жүлделерді алу мүмкіндігін есептен шығаратын форс-мажорлық және басқа жағдайлардың туындауы;
  • Интернет желісін қоса алғанда, осы Науқанның электрондық деректерді жоғалтуға алып келетін электрондық байланыс жүйелеріндегі ақаулар;
  • Су тасқынын, өртті, ереуілдерді, жер сілкіністерін немесе басқа табиғи факторларды, жаппай эпидемияны, мемлекеттік органдардың өкімдерін және Ұйымдастырушыдан тәуелсіз басқа объективті себептерді қоса алғанда, Ұйымдастырушының өз міндеттемелерін орындау тікелей әсер ететін және олардың орындалуын мүмкін емес ететін форс-мажор жағдайларының басталуы;
  • Осы Ережелерде қарастырылған Қатысушылардың өз міндеттемелерін орындамауы (уақытылы орындамау);
  • Науқан Қатысушылыраның әрекеттері (әрекетсіздігі), сондай-ақ, қателіктері.
    • Науқанға қатыса отырып, Қатысушы Науқан Жүлделерінің Ережелерде көрсетілгендей сандарының шектеулілігімен байланысты оларды алу мүмкінсіздігімен байланысты тәуекелді түсінеді және қабылдауды, және де таусылуымен байланысты Науқан Жүлделерін алмаған жағдайда Ұйымдастырушыға қандай да бір талаптары болмайтындығын растайды.
    • Ұйымдастырушы осы Ережеде тікелей көрсетілген шығыстарды ғана артады. Науқанға қатысумен байланысты барлық өзге шығыстарды (дүкендерде өнім алу, интернете төлеу, ұялы байланыс қызметтерін пайдаланғаны үшін төлем, т.б.) Қатысушылар дербес және өз есебінен жүргізеді.
    • Ұйымдастырушы өз білгенінше қатысуға барлық өтінімдерді жарамсыз деп тани алады, сондай-ақ, жалған жасайтын немесе қатысуға өтінім беру немесе Науқанды өткізу процессін боямалаудан пайда табатын немесе осы Ережелерді бұзып әрекет ететін, дескрутивтік түрде әрекет ететін немесе осы Науқанме байланысты болатын кез келген бас тұлғаны ренжіту, тіл тигізіп, сес көрсету немесе мазасын алу ниетімен әрекет ететін кез келген тұлғаға осы Науқанға алдағы қатысуына тыйым сала алады.  
    • Ұйымдастырушы Қатысушылар алдында Науқанның кез келген мәселелері бойынша дербес жауапкершілік артады және барлық даулар мен талаптар тек Ұйымдастырушымен қарастырылады.  
    • Ұйымдастырушы дербес деректерді және құпия сипаттағы басқа ақпаратты жинауға, өңдеуге және сақтауға жауапкершілік артады.