Қазақстандағы №1 Сауда-бөлшек желісі
Бір күн 15/06/2020

«Магнум желісінен Gillette кассеталарын сатып ал да, теледидар ұтып алу мүмкіндігін ал!» (әрі қарай – Ережелер)

  1. Акцияның атауы (әрі қарай – Акция).

«Магнум желісінен Gillette кассеталарын сатып ал да, теледидар ұтып алу мүмкіндігін ал!»

  1. Акция Ұйымдастырушысы туралы ақпарат.

Атауы «АЛИДИ логистикалық компаниясы» ЖШС

ЖСН 160240033817

Пошталық мекенжайы Қазақстан Республикасы, А05Е0Y4, Алматы қ., Қазыбек би к-сі 117/86

Сұрақтар мен өтініштерге арналған телефон: +7 771 718 26 32

  1. Акцияға Тапсырыс беруші.

«Проктер энд Гэмбл Қазақстан Дистрибьюшн» ЖШС (БСН 160640000220)

Мекенжайы: 050059, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Назарбаев д-лы, 240Г)

  1. Акцияның өткізілу кезеңі.

4.1.  Акцияның жалпы өткізілу мерзімі: 15.05.2020ж. – 20.07.2020 ж.

4.2. Зат сатып алу мерзімі: соңғы күнді қоса 15.05.2020ж. – 15.06.2020 ж.

4.3.  Акцияға қатысу өтінімдерін қабылдау мерзімі (өтінімді 2081 қысқа нөміріне жіберу): соңғы күнді қоса 15.05.2020 (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 00:00) – 15.06.2020 (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 23:59) аралығында;

4.4. Жеңімпаздарды анықтау мерзімі: соңғы күнді қоса 16.06.2020 ж. – 24.06.2020 ж. аралығында

4.5. Жеңімпаздарды жариялау мерзімі: соңғы күнді қоса 06.07.2020 ж. дейін

4.6. Акцияның бүкіл Жүлделерін беру мерзімі: соңғы күнді қоса 20.07.2020 ж. дейін.

  1. Акцияның өткізілу аумағы.

5.1. Акция Қазақстан Республикасының (әрі қарай – ҚР) аумағында «Magnum Cash&Carry» ЖШС бөлшек сауда желісі дүкендерінде өткізіледі.

5.2. Акцияның мақсаты тұтынушылардың Gillette өніміне сұранысын ынталандыру болып табылады.

  1. Тауар мен өткізілетін Акцияның өзара байланысын орнатуға мүмкіндік беретін тауар Белгілерінің сипаттамасы.

6.1. Акцияға қатысатын тауарлар «Gillette» тауар белгісіндегі өнім (әрі қарай – Тауар) болып табылады.

6.2. 6.1-т. көрсетілген Белгілері бар Тауарларды сатып алғанды растау 4.2-т. көрсетілген мерзімде сатып алынған зат үшін сауда нүктесінде алынған кассалық чек және коды бар слип (чектің жыртпалы бөлігі) болып табылады

  1. Акция қатысушыларына Ережелер туралы, сондай-ақ Акция нәтижелері туралы хабарлау тәртібі мен әдісі.

7.1. Акция Қатысушыларына хабарлау Акцияның бүкіл өткізілу мерзіміне Ережелерді Интернет жаһандық желісіндегі www.magnum.kz сайтында орналастыру арқылы жасалады.

7.2. Акцияның нәтижелері www.magnum.kz сайтына орналастырылады

  1. Акцияның жүлде қоры.

8.1. Акцияның жүлде қоры Тапсырыс беруші мен Акция Ұйымдастырушысының есебінен құралады және мыналарды қамтиды:

8.1.1. Бас Жүлде – Samsung 55" теледидары – 5 (бес) дана

Бас Жүлде келесілерді қамтиды:

- Samsung 55" теледидары

- ақшалай жүлде*

*Акция ұйымдастырушысының ЖТС ретінде ұстайтын және Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 655-бабын орындау үшін салық органдарына аударылатын сомасы.

8.1.2. Кепілді Жүлде – 2081 қысқа нөміріне сатып алғанын растайтын чектің слипіндегі коды жіберілетін ұялы телефонның шотына 500 теңге көлеміндегі ақшалай жүлде – Кепілді Жүлделер саны осы Ережелердің 9.1-т. көрсетілген тиісті критерийлеріне сәйкес Акцияға қатысуға өтінімдер жіберілген ұялы телефон нөмірлерінің санымен шектеледі.

8.2. Кассалық чек пен коды бар слип (чектің жыртпалы бөлігі) Акцияға қатысуды растау болып табылады.

8.3. Бас Жүлде кассалық чек пен коды бар слипті (чектің жыртпалы бөлігі) растаған кезде беріледі.

  1. Акцияның шарттары.

Акцияның Қатысушысы болу үшін және Кепілді Жүлдені алу үшін, сондай-ақ Бас Жүлдені ұтып алу мүмкіндігіне ие болу үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:

9.1. 4.2-т. көрсетілген кезеңде осы Ережелердің №1 Қосымшасына сәйкес Gillette өнімін сатып алып, бірегей коды жазылған слипі бар кассалық чекті сақтап қою қажет.

9.2. Әрі қарай 4.3.-т. көрсетілген кезеңде 2081 қысқа нөміріне слипте көрсетілген коды бар (чектің жыртпалы бөлігі) SMS жіберу қажет.

9.3. SMS жауапта кодтың сәтті тіркелгені туралы растау-хабарлама алу керек.

9.4. Жіберілген барлық кодтар Акция шарттарына сәйкестікке тексеруден/модерациядан өтеді.

Егер код қате жазылғанының салдарынан модерациядан өтпесе, жалған код пайдаланылса немесе ол қайта жіберілсе, SMS жауап хабарламада кодты тіркеуден бас тарту туралы ақпарат келеді.

9.5. SMS жібергені үшін төлем алынбайды.

9.6. Бір кодты Акцияға қатысу үшін Акцияның бүкіл өту мерзімінде бір рет қана тіркеуге болады.

9.7. Қатысушы Акцияға шексіз қатыса алады (9.1 – 9.2 т. көрсетілген ережелерді орындауы шарт).

9.8. Бас Жүлде ұтыс ойыны Ережелердің 4.5-т. сәйкес Акцияның өткізілу мерзімінің соңында бір рет өтеді.

9.9. Акция «Magnum Cash&Carry» ЖШС бөлшек сауда желісі дүкендерінің сатып алушылары арасында ғана өткізіледі. Басқа дүкендердің чектері осы Акцияға қатыстырылмайды.

9.10. Бір чекті Жүлделерді алу үшін Акцияның бүкіл өткізілу кезеңінде бір рет қана қолдануға болады, ал егер осы кассалық чек бойынша бірнеше тауар сатып алынған болса, онда Акцияға қатысу үшін осы чек бойынша бір ғана сатып алынған затты пайдалануға болады.

9.11. Бір Акция Қатысушысы бірден көп емес Кепілді Жүлдені ала алмайды – бір телефон нөмірінің шотына ең көбі бір рет 500 теңге көлемінде ақшалай Жүлде жіберіле алады.

  1. Акция Жеңімпаздарын анықтау критерийлері

Бас Жүлде алатын Акция Жеңімпаздары келесі жолмен анықталады:

10.1. Акция Жеңімпаздарын анықтау үшін Акция Ұйымдастырушысының («АЛИДИ Логистикалық компаниясы» ЖШС) 2 өкілінен және Акцияға Тапсырыс берушінің («Проктер энд Гэмбл Қазақстан Дистрибьюшн» ЖШС) 1 өкілінен, яғни 3 адамнан тұратын тәуелсіз Қазылар алқасы құрылады.

10.2. Ережелердің 4.4.-т. көрсетілген кезеңде Қатысушылар тізімі құрылады: әрбір Қатысушыға Ережелердің 9.2-т. сәйкес 2081 қысқа нөміріне жіберілген дұрыс коды бар SMS кезектілігіне сәйкес жеке реттік нөмір (әрі қарай – База) беріледі.

10.3. Әрі қарай осы Ережелердің 4.4-т. көрсетілген мерзімде Қазылар алқасы келесі сызба бойынша 5 (бес) Жеңімпазды анықтайды:

N1= A*B

N2= A*C

N3= A*D

N4= A*E

N5= A*F

мұндағы,

N – Базадағы Өтінімнің реттік нөміріне сәйкес келетін сан (бүтінге дейін дөңгелектелген)

A – Базадағы Өтінімдердің жалпы саны

В – Жеңімпаздарды анықтау күніндегі ресей рублінің теңгеге шаққандағы бағамының (Қазақстанның Ұлттық банкінің деректері бойынша) бөлшек саны, ол арифметика ережелері бойынша үтірден кейін 2 таңбаға дейін дөңгелектеледі.

С – Жеңімпаздарды анықтау күніндегі түрік лирасының теңгеге шаққандағы бағамының (Қазақстанның Ұлттық банкінің деректері бойынша) бөлшек саны, ол арифметика ережелері бойынша үтірден кейін 2 таңбаға дейін дөңгелектеледі.

D – Жеңімпаздарды анықтау күніндегі еуроның теңгеге шаққандағы бағамының (Қазақстанның Ұлттық банкінің деректері бойынша) бөлшек саны, ол арифметика ережелері бойынша үтірден кейін 2 таңбаға дейін дөңгелектеледі.

Е – Жеңімпаздарды анықтау күніндегі АҚШ долларының теңгеге шаққандағы бағамының (Қазақстанның Ұлттық банкінің деректері бойынша) бөлшек саны, ол арифметика ережелері бойынша үтірден кейін 2 таңбаға дейін дөңгелектеледі.

F – Жеңімпаздарды анықтау күніндегі чех кронасының теңгеге шаққандағы бағамының (Қазақстанның Ұлттық банкінің деректері бойынша) бөлшек саны, ол арифметика ережелері бойынша үтірден кейін 2 таңбаға дейін дөңгелектеледі.

Жеңімпаздарды анықтау үлгісі:

Базадағы Өтінімдер саны – 120 д.

Жеңімпаздарды анықтау күніндегі АҚШ доллардың теңгеге шаққандағы бағамы – 431,16

Анықтау формуласы N, мұндағы A = 120, B =0,16

N= 120*0,16 =19,2, N = 19.

Егер ұтыс Жеңімпаз ретінде жарияланған Қатысушының реттік нөмірі болатын болса, онда Жеңімпаз ретінде келесі реттік нөмірлі Қатысушы жарияланады.

10.4. Ұтыс туралы Акция Ұйымдастырушысы Жеңімпаздарға Қатысушының қатысуға 2081 қысқа нөміріне жіберген SMS арқылы өтінімде көрсеткен байланыс телефон нөміріне хабарлайды, сонымен қатар www.magnum.kz сайтында Жеңімпаздар тізімін орналастыру жолымен ақпараттандырады

10.5. Акция Ұйымдастырушыларынан Бас Жүлдені ұтып алғаны туралы хабарлама алған жағдайда, Жеңімпаз ұтыс туралы хабарлама алған сәттен бастап 3 күн ішінде alidi.promo.kz@yandex.ru электрондық адресіне хат жібереді. Хат келесіден тұрады:

  • Сатып алынған затты растайтын барлық чектер мен оларға берілген слиптердің фотосы/скан көшірмелері
  • Байланыс деректері (Аты-жөні, туған күні, телефон нөмірі, индексі көрсетілген пошталық мекенжайы)
  • Жеке куәліктің скан көшірмесі/көшірмесі

Егер деректер өз мерзімінде ұсынылмаса, Ұйымдастырушы Ережелердің 10-т. сәйкес Жеңімпазды анықтау регламентіне сәйкес басқа Жеңімпазды таңдауға құқылы

  1. Қатысушының құқықтары.

11.1. Акция Ережелерімен танысу.

11.2. Акцияға осы Ережелерде белгіленген тәртіп бойынша қатысу, Ережелердегі өзгертулер туралы ақпаратты алу.

11.3. Акция Ұйымдастырушысынан Акция Ережелеріне сәйкес Акция туралы ақпарат алуды талап ету.

11.4. Жүлделерді беруді талап ету.

  1. Ұйымдастырушының құқықтары.

Ұйымдастырушының құқықтары:

12.1. Ережелердің 9-т. талаптарды орындамаған Қатысушыға Жүлделерді беруден бас тарту.

12.2. Ережелерді өзгерту немесе Акция мерзімінің бірінші жартысында Акцияны болдырмау, бұл ретте Ережелердің өзгергені немесе Акцияның болмайтыны туралы осы Ережелердің 7-т. көрсетілген тәртіпте қатысушыларға хабарлау.

12.3. Егер Ұйымдастырушы Қатысушының жіберген сатып алу туралы Деректерінің жалған және 9.2-т. көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтініне күдіктенсе, Ұйымдастырушы Қатысушыдан сатып алу фактісін растайтын қосымша ақпаратты сұрауға құқылы.

12.4. Талап етілмеген Жүлделерді өз қалауымен пайдалану.

12.5. Ұйымдастырушы Қатысушыдан қажетті мәліметтерді алмағаны, соның ішінде Акцияның өткізілуі кезінде пайдаланылатын байланыс арналарының техникалық проблемалары үшін, қате көрсетілген немесе ескірген байланыс деректерінің салдарынан Қатысушымен байланыс орната алмағаны үшін, соның ішінде қате телефон нөміріне Кепілді Жүлдені жібергені үшін жауапты болмайды.

12.6. Ұйымдастырушы осы Ережелерде көрсетілген жағдайлардан басқа кезде немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы негізіндегі жағдайлардан басқа кезде, Акция Қатысушысымен жазбаша қарым-қатынас жасамау немесе басқа байланыс орнатпау құқығын өзіне қалдырады.

12.7. Ұйымдастырушы Қатысушының қандай да бір қатесінің салдары үшін, соның ішінде (басқаларын қоспағанда) соңғысына келтірілген шығындар үшін жауапты емес.

12.8. Ұйымдастырушы Қатысушы көрсеткен деректер дұрыс болмаған жағдайда Кепілді Жүлдені қайталап бермейді.

  1. Ұйымдастырушының міндеттері.

Ұйымдастырушының міндеттері:

13.1. Акцияны осы Ережелерде белгіленген тәртіпте өткізу.

13.2. Акция Қатысушыларына Жүлделерді беру.

  1. Жүлдені алу тәртібі мен мерзімі.

14.1. Бас Жүлде мен Кепілді Жүлденің берілуі 4.6-т. көрсетілген мерзімде жүзеге асырылады.

14.2. Жүлдені алу құқығын басқа тұлғаға беруге, сондай-ақ Жүлденің ақшалай баламасын төлеуді талап етуге рұқсат берілмейді.

14.3. Бас Жүлдені алу үшін Акция Жеңімпазы Ұйымдастырушымен Қабылдау-тапсыру актісінің 2 данасына қол қоюға міндетті. Қол қойылған Қабылдау-тапсыру актісінің бір данасы – Жеңімпазда, ал екіншісі Акция Ұйымдастырушысында қалады.

14.4. Ұйымдастырушының қатысы жоқ себептермен алмаған, соның ішінде Қатысушылардың қате/шындыққа жатпайтын ақпарат берулеріне байланысты жеткізілмеген Жүлделер Қатысушыларға қайта тапсырылмайды.

  1. Қосымша шарттар.

15.1. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, ҚР аумағында «Magnum Cash&Carry» ЖШС бөлшек сауда желісі дүкендерінен зат сатып алған Қазақстан Республикасының кәмелетке толған азаматы ғана Акция Қатысушысы бола алады.

15.2. Акцияға қатысу автоматты түрде қатысушының осы Ережелермен танысқанын және келіскенін білдіреді.

15.3. Кез келген сұрақтар туындаған жағдайда, Қатысушы alidi.promo.kz@yandex.ru электрондық адресіне хат жазып, Ұйымдастырушыға хабарласа алады.

15.4. Ұйымдастырушының («АЛИДИ Логистикалық компаниясы» ЖШС), Тапсырыс берушінің («Проктер энд Гэмбл Қазақстан Дистрибьюшн» ЖШС) қызметкерлері және олармен үлестес тұлғалар (олармен үлестес болған тұлғалардың қызметкерлері), Акцияны дайындауға және өткізуге қатысатын ұйымдардың қызметкерлері, сонымен қатар жоғарыда көрсетілген тұлғалардың отбасы мүшелері Акцияға қатысуға жіберілмейді.

15.5. Акция Ұйымдастырушысы www.magnum.kz сайтындағы техникалық ақауларға, сондай-ақ Акцияны өткізу аясындағы сәйкес кідірістерге, олар Акция Ұйымдастырушысының кінәсінен болмаған жағдайда, жауапты болмайды.

15.6. Осы Ережелерді, кез келген даулы мәселелерді және/немесе осы Ережелерде реттелмеген мәселелерді әртүрлі түсіндіретін жағдайлар туындаса, Ұйымдастырушы Ережелерді құрастырушы ретінде ақырғы түсіндірмесін береді.

15.7. Акция лотерея немесе тәуекелге негізделген өзге ойын болып табылмайды, қатысқаны үшін төлем жасауды талап етпейді. Акцияға тапсырыс беруші «Проктер энд Гэмбл Қазақстан Дистрибьюшн» ЖШС болып табылады.

15.8. Жүлделердің үлгісі, түсі, өлшемі, сондай-ақ өзге параметрлері мен сипаттамалары Ұйымдастырушының қалауымен анықталады және Қатысушылардың күткенімен сәйкес келмеуі мүмкін, сондай-ақ олардың жарнама-ақпараттық материалдарда көрсетілген суреттерінен өзгеше болуы мүмкін.

15.9. Ережелер www.magnum.kz сайтында жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.

15.10. Акцияны ұйымдастыруға байланысты мәселелер бойынша Ұйымдастырушының +7 771 718 26 32 телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады

Барлық қалған мәселелер бойынша қауырт желі телефоны бойынша қоңырау шалуға болады: 8 800 080 5052, 297 50 52

  1. Акция Қатысушысының оның жеке деректерін өңдеуге берген келісімі, Акция Ұйымдастырушысы өңдейтін Акция Қатысушысының жеке деректерінің тізімі, жеке деректерді өңдеу мақсаты, осындай жеке деректермен әрекет ету тізімі, жеке деректер жария етілуі немесе берілуі мүмкін тұлғалар, егер шекарааралық беру Акция Қатысушысының жеке деректерін өңдеу іске асырылатын мерзімде жасалса, онда жеке деректерді шекарааралық беру

16.1. Акцияға қатыса отырып, Қатысушы сол арқылы Ұйымдастырушыға өзінің жеке деректерін өңдеуге (тегі, аты, әкесінің аты, пошта индексі көрсетілген тұрғылықты мекенжайы, ұялы телефонының нөмірі, Е-мэйл және оның берген басқа да мәліметтері), Ұйымдастырушы мен Акцияға Тапсырыс берушінің жеке деректерді пайдалануына, сондай-ақ оның жеке деректерін тікелей Акцияны жүзеге асыратын, Ұйымдастырушымен тиісті шартқа тұрған үшінші тұлғаларға табыстауға, соның ішінде осы Акцияның шегіндегі құқықтар мен міндеттерді іске асыру мақсатында деректерді шекарааралық тасымалдауға өз келісімін береді.

16.2. Акцияға қатыса отырып, Қатысушы сол арқылы оның жеке деректеріне қатысты құқықтарымен таныс екенін, соның ішінде келесіге жүгініп, өзінің жеке деректерін өңдеуге берген келісімін қайтарып алуға болатынын білетінін растайды:

  • Ұйымдастырушыға alidi.promo.kz@yandex.ru электрондық пошта адресіне хабарлама жіберу арқылы;
  • Кез келген уақытта Тапсырыс берушіге 8 (800) 200-20-20 телефоны бойынша хабарласып, сондай-ақ Тапсырыс берушіден Қатысушыға жіберілетін хаттарда көрсетілетін тиісті сілтеме бойынша өтіп, берген келісімін қайтарып ала алады.

Жеке деректерін өңдеуге берген келісімін қайтарып алған жағдайда, Қатысушы Акцияға қатыстырылмайды.

Бұл ретте, егер Қатысушы тиісті Акцияның өткізілу мерзімі кезеңінде берген келісімін қайтарып алса, онда ол Ұйымдастырушы Акция Қатысушысынан хабарлама алған сәттен бастап осы Акция аясында Жүлделерді алу құқығынан автоматты түрде айырылады.

Берген келісімін қайтарып алу туралы хабарлама алған жағдайда, Акция Ұйымдастырушысы мен оның уәкілеттік берген тұлғалары Қатысушының жеке деректерін өңдеуді тоқтатып, хабарлама түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жеке деректерді жояды.

6.3. Қатысушылардың жеке деректерімен жұмыс істеген кезде Ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы №94-V «Жеке деректер мен оларды қорғау туралы» Заңының аясында әрекет етеді.

16.4. Жеке деректерді өңдеуге/пайдалануға берген келісім Акцияға Тапсырыс беруші/Ұйымдастырушы үшін Акцияның өткізілу мерзімдері аяқталған сәттен бастап 1 (бір) жыл бойы жарамды болады.

16.5.  Жеке деректермен әрекет ету тізімі: жинау, сақтау, тарату (Жүлделерді жеткізу үшін үшінші тұлғаларға беру), Жүлделерді Алушыларға Жүлделерді беру үшін, сондай-ақ басқа мақсаттар үшін пайдалану, жеке деректерді (құжаттамаларды сақтау мерзімі өтісімен) жою.

16.6. Қатысушының жеке деректер субъектісі ретіндегі құқықтары. Қатысушының құқықтары:

- өзінің жеке деректерінің операторлары ретіндегі Ұйымдастырушы/Тапсырыс беруші туралы мәліметтер алу

- өзінің жеке деректерінің операторлары ретіндегі Ұйымдастырушыдан/Тапсырыс берушіден өзінің жеке деректерін нақтылау, егер жеке деректер толық емес, ескірген, дәйекті емес, заңсыз алынған немесе өңдеудің жарияланған мақсаты үшін қажет болмаған болса, оларды бұғаттау немесе жою

- өз құқықтарын қорғау бойынша заңмен қарастырылған шаралар қабылдау.

16.7. Қатысушының толық емес, ескірген, дұрыс емес жеке деректер бергенінің салдарынан Ұйымдастырушы/Тапсырыс беруші өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда, ол жауапкершілік тартпайды.