Magnum | TENGRINEWS.KZ: «Неонды жұмақ». Алматыда заманауи өнер мен тұтыну тақырыбын байланыстыратын жоба ұсынылады
Қазақстандағы № 1 Бөлшек сауда желісі

2020 жылғы 21 қаңтар, 09:00

29 қаңтарда Magnum компаниясы мен «ЦЕХ» арнайы мәдениет және медиа жобаларының агенттігі өздерінің ерекше ынтымақтастығының – қазақстандық заманауи өнердегі тұтыну тақырыбына арналған Neon Paradise book зерттеуінің нәтижелерін ұсынады. Бұл – 40 суретшінің 80-ші жылдардан 2019 жылға дейін әр түрлі кезеңдерде, әр түрлі техникада орындалған, тұтыну ортақ тақырыбымен байланыстырылған 60-тан астам туындыларын қамтитын кітап. Суретшілердің туындыларына тақырып бойынша мақалалар мен жоба қатысушыларының пікірлері қоса беріледі.

Идеяның авторы – журналист Галина Рыжкина, жұмыстарды іріктеумен – жас куратор және өнертанушы Толқын Дәуітова, ал кітап дизайнымен және беттеу жұмысымен Лозаннадағы Өнер және дизайн университетінің түлегі Юло Хан айналысты.

Жобаның аталуына белгілі қазақстандық суретші Саид Атабековтің «Неонды жұмақ» атты аттас туындысы себепші болды. Бұл – «Қызыл трактор» культтық өнер тобы қатысушысының дәруіштің киімін киіп, супермаркет есігінің алдында құдайға жалбарынып отырған бейнесі.

Толық мақаланы Tengrinews.kz порталынан оқыңыздар.