Қазақстандағы №1 Сауда-бөлшек желісі
С 15/06/2020 До 01/09/2020

«БЕЛЫЙ МЕДВЕДЬ ҚАЗЫНАСЫН ІЗДЕУДЕМІЗ» ЖОБАСЫН ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОҒАН ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ (әрі қарай – «Жоба ережесі»)

 

  1. Жалпы ережелер
    • Жоба туралы жалпы мәліметтер:
  • Жоба “Белый Медведь” брендінің танымалдылығын арттыруға және бүкіл Қазақстан бойынша «Магнум» бөлшек сауда желісіндегі қосымша трафикті қалыптастыруға бағытталған.  
  • Жоба Қазақстан Республикасы аумағында өткізіледі.
  • Жоба лотерея емес немесе міндеті өнімді жарнамалау болып табылатын шара емес, ақпараттық қана сипатқа ие және қатысқаны үшін жүлде беру түрінде өткізіледі.

  Жобаға қатысқаны үшін ақша алынбайды. 

  • Жобаға Қатысушылар Жоба Ережесінде белгіленген тәртіппен және мерзімде Жобаға қатысуға байланысты талаптарды сақтауға және жүлде алуға байланысты талаптарды сақтауға міндетті.
    • Жобаға қатысушылар:
  • Жиырма бір жасқа толған, Жобаның ережесімен келісетін Қазақстан Республикасының азаматы Жобаның қатысушысы атана алады (әрі қарай – «Қатысушы»).
  • «Эфес Қазақстан» АҚ және оның Алматы филиалындағы қызметкерлер, сондай-ақ олардың жақын туыстары, сондай-ақ Ұйымдастырушымен жұмыс істеу және/немесе қызмет көрсету бойынша жасалған азаматтық-құқықтық шарттар мен өзге де шарттарға қол қойған жеке тұлғалар Жобаға қатыстырылмайды.
  • www.beliymedved.kz сайтында (мәтін бойынша әрі қарай – «Сайт») Жобаға қатысқан Қатысушы Ұйымдастырушының Жобаны өткізу, жүлделерді тапсыру және жеткізу, нәтижелерін жариялау мақсатында жүзеге асыратын өзінің жеке деректерін жинау, өңдеу, сақтауға келісім береді.
    • Жоба өткізілетін аумақ:

Қазақстан Республикасы.

  • Жоба өткізілетін мерзім:
  • Жобаны өткізу мерзімі, нақтырақ айтқанда, кодтарды тіркеу және ұпай жинау кезеңі: 2020 жылдың «15» маусымы мен 2020 жылдың «15» тамызы аралығы.
  • Жүлде алуға құқылы тұлғаларды анықтау және Жоба нәтижесін Сайтқа жариялау күні: 2020 жылдың «15» маусымы мен 2020 жылдың «15» тамызы аралығы.
  • Жүлде беру мерзімі: 2020 жылдың «15» маусымы мен 2020 жылдың «1» қыркүйегі аралығы.
    • Қатысушыларды Жобадан шығару:

Мынадай себептерден қатысу жоққа шығарылады:

  • Қатысушы Жоба өткізілетін кезеңде әлеуметтік желілердегі (оның ішінде, «Белый медведь қазынасын іздеудеміз» жобасы) үш және одан да көп байқауға қатысқан жағдайда;
  • Қатысушы 21 жасқа толмаған жағдайда;
  • Қатысушы Қазақстан Республикасының азаматы болмаған жағдайда;
  • Қатысушы Сайтқа өз атымен бірнеше жалған аккаунт тіркеген жағдайда;
  • Қатысушы Жобадағы жеңіске жету мүмкіндігін ұлғайтуға арналған жосықсыз әдіс-тәсілдерді пайдаланған жағдайда.
  1. Жобаға қатысу

2.1. Жобаға қатысу үшін:

  • Жоба Ережесінің 1.2-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келу.
  • 21+ дисклеймерінен өтіп, Сайтқа тіркеліп, әрі қарай жеке кабинет ашып, Сайттың тиісті бөліміндегі тіркелу формасын толтыру керек.
  • Сауалнаманың міндетті жолақтарын толтыру:

аты

тегі

қаласы* (ашылмалы тізімнен)

ұялы телефон нөмірі;

e-mail-і

құпия сөзі

қатысушының Жоба Ережелерімен келісуі

  • *Жоба өткізілетін қалалардың тізімі: Алматы; Қаскелең; Нұр-Сұлтан; Қарағанды; Шымкент; Талдықорған; Петропавл; Қызылорда, Тараз).
  • Қатысушы қандай да бір міндетті жолақтарды толтырмаса, оның өткізіп алған жолақтарын толтыру қажеттігі туралы хабарлама жазылады.
  • Ұялы телефон нөмірі Қатысушының Жобадағы идентификаторы болып табылады. Сондай-ақ телефон нөмірі жеке кабинетке кіруге арналған логин болып табылады. Бұл нөмірге жүлделер есептелетін QIWI-әмияны қосылады. Ұялы телефон нөмірі Қазақстан Республикасының ұялы байланыс операторына тиесілі болуы тиіс.
  • Белый Медведь маркасын сатып алу және чектен код алу.
  • МАГНУМ СЖ (сауда желісі) чектеріндегі кодтар жарамды;
    • Кодтарды SMS жолдау арқылы тіркеу.

Қысқа SMS нөмірі: 7102

Бір SMS құны: Қазақстан Республикасындағы барлық ұялы байланыс желілерінің абоненттері үшін ҚҚС-ті қоса есептегенде, 7 тг.

Қатысушының SMS-сұранымының форматы:

Бірегей код.

Мысалы: V9G4J734.

Ескерту: бірегей код бос орын қалдырылған және бос орынсыз жүйемен қабылданады. Бір SMS-хабарлама арқылы бір кодты жіберуге болады.

Егер абонент Жобада тіркелмесе, жауап ретінде келген SMS-те оған алдымен Сайтқа тіркелу ұсынылады. Абонент жіберген промо-код өтелмейді.

Егер абонент – Жобаға тіркелген қатысушы болса, оның промо-коды өтеледі және оған тиісті «ұпай» саны қосылады. Кодты сәтті өтеу туралы жауап ретінде келген SMS-те Қатысушыға жинаған «ұпайының» ағымдағы теңгерімі хабарланады.

 Кодтарды Internet арқылы тіркеу.

  • Жобаға Қатысушылар Сайттағы өздерінің жеке кабинеттеріне кіріп, бірегей кодтарды тіркей алады. Ол үшін «Кодты енгізу» түймешесін «басу» және кодты енгізуге арналған нысанды толтыру қажет.
  • Толтыруға міндетті нысан жолдары:

бірегей код;

  • Қатысушы кодты сәтті / сәтсіз өтеу, жинақталған ұпай саны, алынған жүлделер және кодты тіркеу қорытындысы бойынша жауап ретінде келген хабарламаның мәтіні туралы ақпарат алады.
  1. Жинақтау жүйесінің тетігі

3.1. Қатысушыларға ұпай есептеу:

 Қатысушы кодты дұрыс тіркеген жағдайда оған ұпай беріледі. Тіркелген әрбір кодқа 1 (бір) ұпай есептеледі.

  • Қатысушыға қайтарылған жауап хабарламада оның қанша ұпай жинағаны туралы жазылады (кодты SMS арқылы тіркеген қатысушылар қайтарылған жауапты SMS түрінде алады; ал кодты Интернет арқылы тіркеген Қатысушыларға өз құрылғысының экранына жауап ретіндегі хабарлама келеді).
  • Белгілі бір ұпай сомасын жинаған кезде Қатысушы ұялы телефон теңгеріміне немесе өзінің Qiwi-әмиянына тиісті соманы алу арқылы оны конвертациялай алады. Не болмаса, анағұрлым жоғары санатты жүлде алу үшін жинауды жалғастырады.
  • Жиналған ұпайды Қатысушы төменде берілген кестеге сәйкес жүлдеге айырбастай алады:

Жүлде санатының

 

Ұпай саны

Жүлде номиналы, теңге

Конвертациялау тәсілі

Жүлде саны, дана

Ең көп жүлде қоры, теңге

 

 

 

 

 

 

1

30

900

Теңгерім / Qiwi-әмиян

1000

900 000

2

60

2000

Теңгерім / Qiwi-әмиян

300

600 000

3

120

5000

Теңгерім / Qiwi-әмиян

150

750 000

4

240

11000

Теңгерім / Qiwi-әмиян

70

770 000

5

360

17000

Теңгерім / Qiwi-әмиян

30

510 000

6

500

25000

Теңгерім / Qiwi-әмиян

10

250 000

  • Лимиттер:
  • Әр санаттың жүлде саны жоғарыдағы кестеге сәйкес шектелген.
    • Қатысушылардың жүлде таңдау тәртібі:

Жүлде алуға мүмкіндік беретін (кодты тіркеген жағдайда) ұпай санына жеткен кезде Қатысушыға жүлде алуға болатыны, ол үшін Сайттағы жеке кабинетіне кіру керектігі туралы хабарланады. Бұл санаттағы жүлде таусылған жағдайда Қатысушыға мұндай хабарлама жолданбайды. Мысалы, қатысушы 30-ыншы кодын тіркеді, бірақ 900 тг жүлде таусылып қалды делік, онда жүйеден жауап ретінде кодтың сәтті тіркелгені және кодтарды тіркеуді жалғастыру керектігі туралы ұсыныс келеді. 

Сайтты пайдаланушы авторласқан жағдайда келесідей ақпарат алады:

- жиналған ұпай саны;

- Жоба кезінде Қатысушының тіркеген кодының жалпы саны (қатысушының рейтингі);

- тіркелген кодтар туралы ақпарат: Кодты тіркеу күні, Код  (мәтін-сан белгісі), Кодты тіркеу түрі (SMS/WEB);

- төлемнің төлену мәртебесі туралы бұрын таңдалған жүлделер туралы ақпарат;

және осы ақпарат Қатысушының кабинетінде болады.

Егер Қатысушыда жүлде алуға жететін жиналған ұпай болса және осы санаттағы жүлде қолда бар болса, жеке кабинетте тиісті жүлде/жүлделер таңдау опциясы іске қосылады. Қатысушы таңдаған жүлденің қарсысына белгі қойып (бұл ретте «телефон теңгеріміне ақша» немесе «Qiwi-әмиянға ақша» дегенді таңдайды), өз таңдауын түпкілікті растау үшін «ОК» түймешесін басады. 

Сайт осы ақпаратты береді және Қатысушыдан тиісті ұпай санын өтейді, осы санаттағы жүлделердің қалған санын азайтады және Қатысушы экранына хабарламаны шығару үшін операция нәтижелері бойынша ақпаратты сайтқа жібереді.

  • Жүлделерді Қатысушыларға табыстау тәртібі:
  • Қатысушының таңдауына сәйкес 1-3 санатты жүлделер үшін аудару бірден автоматты түрде іске асырылады. Қатысушы өз таңдауын мақұлдағаннан кейін Қатысушының теңгеріміне ақшалай жүлдені аударуды кешіктіру штаттық жұмыс режимінде 1-11 минут аралығын құрайды.
  • Егер Қатысушы 4-6 санатты жүлдені таңдаса, жауап ретінде келген хабарламада жүлде модератор тексергеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде аударылатыны туралы хабарланады. 
  • Жүлде модератор тексергеннен кейін беріледі. Егер модератор қатысушының заңсыз екенін анықтаса, ұйымдастырушы жүлдені есептемеуге құқылы (жобаның осы ережесінің 10-тармағын қараңыз). Модераторды тексерудің оң нәтижесі болған жағдайда, жүлдені есептеу жүйеде мақұлданғаннан кейін келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
  • Ұялы телефон теңгеріміне ақшалай жүлде аударылған кезде абоненттің тарифтік жоспары ұялы телефон теңгерімін толтыруды қарастырмайтындығы анықталған жағдайда ұпайды қайтару келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей қамтамасыз етіледі және ол Қатысушыға жүлдені қайта таңдау мүмкіндігі беріледі. Қатысушы бұл ұпайды өзінің Qiwi-әмиянына конвертациялай алады немесе оны анағұрлым жоғары санатты жүлде алуға жинау үшін қолдана алады.

 QIWI-әмиянын ашу бойынша нұсқаулықтар:

  • Хабарлама алғаннан кейін Қатысушы https://www.qiwi.kz сайтына кіру керек.
  • Егер Қатысушының қолданыстағы Qiwi-әмияны болса, рәсімді қайта өтудің қажеті жоқ. «Жеке кабинетке» кіріп, QIWI-әмиянының толтырылғанын тексере алады. Қатысушының қолданыстағы Qiwi-әмияны болмаса, бұл рәсімді соңына дейін орындау керек.
  • Қатысушы негізгі беттегі «Әмиян ашу» (немесе «Кіру/тіркелу» түймешесі бойынша) деген түймешені басады.

Пайда болған терезеге ұялы телефон нөмірін (Жоба аясындағы кодтар тіркелген) енгізіп, «Мен робот емеспін» деп растау керек. 

  • Нысанды толтырғаннан кейін «Жалғастыру» түймешесін басып, пайда болған терезеге SMS-код енгізу керек (ұялы телефон нөмірі түрінде көрсетілген sms-кодты qiwi.kz сайты жібереді; Код келмесе, «Коды бар SMS-ті тағы жолдау» деген сілтемені басыңыз).
  • SMS-кодты енгізгеннен кейін «Растау» түймешесін басып, пайда болған терезеге кейін әмиянға кіруге арналған құпия сөз құрастырып, «Қалпына келтіру» деген түймешені басу керек*.
  • - «Қалпына келтіру» деген мәтіні бар түймеше, өйткені Қатысушының атына ақша аударылған кезде әмиян автоматты түрде ашылады.
  • Құпия сөзді сәтті «Қалпына келтіргеннен» кейін Қатысушы өзінің QIWI-әмиянындағы негізгі бетті ашады.

«Тарих» бетінен аударым тарихын және Қатысушы әмиянының Жоба аясында алған N-сомаға толықтырылғанын көруге болады.

3.5 Ескерту

ҚР барлық ұялы байланыс желілерінің абоненттері қолма-қол ақша қаражатын ұялы телефон теңгерімінен бүкіл Қазақстан бойынша «Қазпошта» АҚ бөлімшелері арқылы ала алады.
Бағалы жүлделер ұту ойыны

4.1.      Жүлде түрлері

  • А. Апта сайынғы ұтыс ойын: номиналы 10 000 тг Magnum сертификаты.
  • Ұтыс ойын кезінде 100-ден астам кодты тіркеген Қатысушылар арасында апта сайын 15 сертификат ойнатылады.
  • Ақша қаражатына айырбасталған кодтар да апта сайынғы жүлде үшін күреске қатысады;
  • Қатысушы Жобаның барлық кезеңінде тек 1 апта сайынғы жүлде ала алады.
  • Апта сайынғы жүлде ұту ойынына қатысқан кодтар да бас жүлде үшін күресті жалғастырады.
  • Б. Бас жүлде (Жобаның соңында) – Сом алтын («ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ СОМ АЛТЫНЫ») - салмағы 20 грамм тазартылған алтынның өлшенген құймасы. Салмағы: 20 гр. Ені: 17,4 мм. ұзындығы: 30 мм. Металы: алтын. Сынамасы: 999,9
  • Бас жүлде ұтыс ойыны кезінде 1 және одан да көп код тіркеген қатысушылар арасында ойнатылады. Әрбір код бас жүлде үшін күресте 1 мүмкіндікке тең. Қатысушыда тіркелген кодтар неғұрлым көп болса, ұту мүмкіндігі де жоғары болады.
  • ақша қаражатына айырбасталған кодтар да бас жүлде үшін күреске қатысады;
  • Бас жүлденің ақшалай баламасы берілуі де мүмкін.

4.2.      Ұтыс ойын схемасы

  • Жоба бойынша статистикалық деректер негізінде, Ұйымдастырушы комиссиясы белгілі бір кезеңде бір рет дұрыс тіркелген кодтардан кездейсоқ таңдау әдісімен N жеңімпазды таңдайды.
  • Бұл ретте апта сайынғы жүлделер ұту ойынына арналған тізімдерге рейтингтің тек 4.1-т.белгіленген Қатысушы кодтары ғана кіреді.
  • Бас жүлде ұту ойынына арналған тізімге науқан кезеңінде тіркелген барлық кодтар кіреді.
  • Әрбір дұрыс тіркелген код ұтып алуға 1 мүмкіндік береді.
  • Ұтыс ойын кездейсоқ іріктеу қағидатына негізделген арнайы компьютерлік бағдарламаны пайдалана отырып өткізіледі.
  • Ұтыс ойынды өткізу нәтижелері тиісті хаттамамен ресімделеді.

4.3.     Бағалы жүлделерді тапсыру схемасы:

  • Қатысушыларға ұтқаны туралы Ұйымдастырушының промо-сайтта қатысушыны тіркеу кезінде сауалнамада көрсетілген ұялы нөміріне қоңырау соғу арқылы хабарланады.  
  • Апта сайынғы сыйлықтарды алушыларға номиналы 10 000 (он мың) теңгелік Магнум сертификатының коды электронды түрде жіберіледі. Оны пайдалану үшін кодты басып шығарып, Магнум дүкендерінің кассасында көрсету керек;
  • Негізгі жүлдені алушы 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейінгі мерзімде науқанның аяқталу қорытындысы бойынша Сом алтынды салтанатты тапсыру үшін зауытқа шақырылады.
  1. Жобаға қатысушылардың құқықтары мен міндеттері
  • Қатысушының құқықтары:
  • Жоба Ережесімен танысу және осы Ережеде айтылған дереккөздерден ақпарат алу;
  • Осы Ережеде белгіленген тәртіппен қатысу.
    • Қатысушының міндеттері:
  • Жиырма бір жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы болу. Ережеде белгіленген талаптарды сақтау, Жобаға қатысуға және жүлделер алуға байланысты іс-әрекеттердің бәрін Ережеде белгіленген тәртіппен және мерзімінде орындау, сондай-ақ көрсетілген ережені сақтамау салдарынан орын алған қауіп-қатердің бәрін өз мойнына алу.
  • Өзінің берген ақпаратының сенімді екеніне жеке жауапты болу.
  • Осы Ережеде және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған өзге де құқықтар мен міндеттерді өз мойнына алу.
  • Қатысушы өзінің жеке мәліметтерін жинауға, өңдеуге, сақтауға, сондай-ақ код жинауда жоғары нәтижеге қол жеткізген жағдайда Есімін Сайтқа жариялауға келісім береді.
  • Ұйымдастырушының құқықтары:
  • Жүлде қоры таусылған жағдайда Ұйымдастырушы Жобаны өткізу кезеңінде осы Ережеге өзгеріс енгізуге және Жобаны мерзімінен бұрын аяқтауға құқылы. Бұл ретте осы Ережеге енгізілген кез келген өзгеріс туралы ақпарат Сайтқа жарияланады;
  • Қатысушының осы Ережені сақтамау фактісі анықталған жағдайда оған жүлде беруден бас тарту;
  • осы Ережеде көзделген жағдайлардан басқа жағдайларда, қатысушылармен жазбаша келіссөз жүргізбеу немесе кез келген басқа жолмен хабарласпау;
  • Қатысушы жүлде алудан бас тартқан немесе жүлде жіберу үшін нақты ақпарат бермеген жағдайда жүлдені алмауға байланысты талап-тілектерді қарастыру кезінде Қатысушыға беруден бас тарту;
  • осы Ережеде көзделген жағдайларда Қатысушыдан қажетті ақпаратты және құжаттарды, сондай-ақ мемлекеттік органға беруге арналған басқа да құжаттарды талап ету;
  • Ұйымдастырушы осы Ережеде және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған жағдайлардан басқа жағдайларда өткізуге қатысы жоқ мақсаттар үшін үшінші тұлғаларға Қатысушылар туралы ақпарат бермеуге құқылы.
    • Ұйымдастырушының міндеттері:
  • Жобаны осы Ережеге сәйкес өткізу;
  • осы Ережеге сәйкес Жоба шарттарын орындаған Қатысушыларға жүлделер беру;
  • Қатысушылардың жеке мәліметтерін жинау, өңдеу және қорғау бойынша заңнама талаптарын сақтау.

 Мынадай кодтар қате болып саналады, ескерілмейді және тіркелмейді:

  • Слип-чекте жазылғанға сәйкес келмейтін, ойдан құрастырылған кодтар;
  • осы Ережеде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін тұлғалар тіркеген кодтар;
  • Жобаға қатысуға өтінім қабылдау мерзімінен тыс тіркелген кодтар;
  • бір және бірнеше Қатысушының атынан қайта тіркелген кодтар;

  осы Ереже шарттарына сәйкес бұрын ең болмаса, бір жүлде алынған кодтар. Мұндай кодтар өтелген болып саналады және әрі қарай Жобаға қатыстырылмайды; 

  • Ұйымдастырушы өткізген басқа жобалар аясында бұрын тіркелген кодтар;
  • «Белый Медведь» бренді бойынша Жобаның критерийлері мен талаптарына сәйкес келмейтін, кез келген өзге де өнімге желімделген кодтар. Магнум СЖ (сауда желісі) чектері ғана жарамды.
  1. Аккаунтты бұғаттау:
  • Жобаға Қатысушы қатарынан 5 (бес) қате код тіркеуге тырысқан жағдайда Қатысушының жеке кабинеті (аккаунты) бұғатталады, ал Қатысушы қате кодты соңғы рет тіркеуге тырысқан сәтінен бастап 1 (бір) сағатқа бұл жеке кабинеттен кодтарды тіркеу құқығынан айырылады.
  • Қатысушы кодты Жобаға қатысу өтінімін қабылдау кезеңінен бұрын және/немесе одан кейін тіркеген жағдайда Қатысушының бұл коды тіркелмейді, ал Қатысушы кодты Жобаға қатысу өтінімін қабылдау кезеңінде қайта тіркесе, код қабылданады.  
  • Жоба аясында Қатысушылар кодтың шектелмеген санын тіркей алады.
  • Жүлде саны шектеулі.