Қазақстандағы №1 Сауда-бөлшек желісі
С 15/06/2020 До 31/07/2020

«Мен FLASH UP Energy ®-ден қуат аламын» НАУҚАНЫН ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІ ЖӘНЕ ОҒАН ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ

 

  1. Жарнамалық науқан (әрі қарай – Науқан) тұтынушылардың "FLASH UP Energy®" тауар белгісімен таңбаланған сауда маркасы туралы хабардар болуын арттыру мақсатында белгісіз тұлғалар тобы арасында өткізіледі.
  2. Науқан "FLASH UP Energy®" (әрі қарай – «Өнім») тауар белгісімен таңбаланған энергетикалық сусындарға қатысты өткізіледі, олар:
  • Flash up Energy 0,45,
  • Flash up Energy 0,33,
  • Flash up Mojito 0,45,
  • Flash up BERRY MIX 0,45.
  1. Науқанды өткізудің жалпы мерзімі – 2020 жылдың 15  маусымы мен 2020 жылдың 31 шілдесі аралығы (әрі қарай – Науқанды өткізу кезеңі).
  2. Науқанды Ұйымдастырушы «Progression CA» (Прогрэшен Си Эй) ЖШС болып табылады, тіркелген мекенжайы Алматы қ., Сызғанов көш., 1 (әрі қарай – Науқанды Ұйымдастырушы), тапсырыс берген: «Carlsberg Kazakhstan» (Карлсберг Қазақстан) ЖШС, тіркелген мекенжайы: Алматы қ., Қазыбаев көш., 270В (әрі қарай – Науқанға Тапсырыс беруші).
  3. Науқан өткізілетін аумақ

Науқан Қазақстан Республикасының тоғыз қаласындағы Magnum Cash & Carry, «АТАК» және «ЭКСПРЕСС» сауда кешендерінің бәрінде өткізіледі. Қалалар тізімі: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Қаскелең қ., Қарағанды қ., Шымкент қ., Талдықорған қ., Петропавл қ., Қызылорда қ., Тараз қ..

  1. Науқан туралы хабарлау тәсілдері:

 Науқан туралы хабарландыру, сондай-ақ Науқанды Ұйымдастырушы, Науқанды өткізу ережелері, Науқан Жеңімпаздарын анықтау тәртібі, Науқан нәтижелері бойынша Жүлделер саны, оларды алу мерзімдері, орны және тәртібі туралы ақпарат Интернет желісінің www.flashupenergy.kz (әрі қарай – сайт) мекенжайына жарияланады.  

Науқанды өткізу шарттары өзгерген жағдайда бұл туралы ақпарат Сайттың жаңалық анонсына жарияланады.

  1. Науқанға 18 жасқа толған, Науқан өткізіліп жатқан кезеңде Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасында тұруға берілген ықтиярхаты бар тұлғалар (әрі қарай – Науқанға Қатысушылар) қатыса алады. Науқанға Науқанға Тапсырыс берушінің, Науқанды Ұйымдастырушының және  Magnum сауда желісінің қызметкерлері, олардың отбасы мүшелері; Науқанды Ұйымдастырушының және Науқанға Тапсырыс  берушінің мүддесін қорғайтын тұлғалар, сондай-ақ белгіленген тәртіппен Науқанды Ұйымдастырушымен және Науқанға Тапсырыс  берушімен үлестес деп танылған тұлғалар, Науқанды Ұйымдастырушымен, және Науқанға Тапсырыс  берушімен белгіленген азаматтық-құқықтық және басқа да байланысы бар, сондай-ақ Науқанды ұйымдастырумен және/немесе өткізумен байланысы бар қызметкерлер мен үшінші тұлғалардың өкілдері, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері, азаматтығы жоқ тұлғалар және өзге мемлекеттердің азаматтары қатыстырылмайды.  

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: 2020 жылдың  15  маусымы  Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша 00 сағат 00 минуттан 2020 жылдың 31 шілдесі  Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша 23 сағат 59 минутқа дейінгі кезеңде (әрі қарай – «Науқанға қатысу өтінімін қабылдау кезеңі») Науқанға қатысуға болады.

  1. Науқанға Қатысушы атану үшін Науқанға қатысуға өтінім қабылдау кезеңінде:

8.1.      Қазақстан Республикасы аумағындағы осы Ереженің 5-тармағында көрсетілген қалалардағы «Magnum» сауда желісінің дүкендерінен осы Ереженің 2-тармағында көрсетілген өнімнің кемінде 1 бірлігін сатып алу керек. Кассадан бірегей коды* бар слип-чекті (бұдан әрі – Код) алып, кемінде 1 Код тіркеу керек. Өнімнің бірнеше бірлігін сатып алған жағдайда чекте кодтың тиісті саны көрсетіледі.

        * Код – қосымша слип-чекте орналасқан, 12 саннан тұратын комбинация.

Кодтар қайталанбайды, бір Кодты Науқанға қатысу үшін бір реттен артық пайдалануға болмайды.

Сатып алынған Өнімнің санына қарамастан, бір слип-чекте 10 кодтан артық болмау керек.

8.2.      Кодты тіркеу тәсілі – Сайт арқылы:

Науқанды өткізу кезеңінде Сайтта өзінің дербес деректерін (әрі қарай – Тіркеу деректері) көрсете отырып, Науқанға Қатысушы ретінде сауалнаманы толтыру арқылы тіркелуге болады:

  • ұялы телефон нөмірі (телефон нөмірі іске қосылған болуы және ҚР ұялы операторында тіркелуі тиіс);
  • есімі;
  • жасы;
  • тұратын қаласы;
  • жынысы;
  • электрондық мекенжайы;
  • құпия сөзі (Науқанға Қатысушы құпия сөзді өз бетінше ойлап табады);
  • Науқанды өткізу шарттарымен келісу.

8.2.1. Сайтқа сәтті тіркелгенін растау ретінде жыпылықтап шығатын электронды ақпараттық хабарлама шығады.

Сайтқа сәтті тіркелгеннен кейін Сайтты пайдаланушы Науқанға Қатысушы болып саналады.    

8.2.2. Толтырылған деректерді редакциялауға болмайды, сауалнамаға анық әрі дұрыс ақпаратты жазу керек. Осы Ереженің 8.2-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес, тіркелу кезінде қате ақпарат көрсетсе, Науқанға Қатысушы кез келген жүлде түрін ала алмайды. 

8.2.3. Сайтқа тіркелген кезде Науқанға Қатысушы SMS-хабарлама жіберу арқылы Кодтарды тіркейтін немесе тіркеген ұялы байланыс операторының сол абоненттік нөмірін көрсетуі қажет. Егер бұрын Кодтар сайтқа тіркелген болса, келесі Кодтарды Сайтқа тіркелген кезде Науқан Қатысушысы көрсеткен ұялы байланыс операторының абоненттік нөмірінен жолдау қажет. Осылайша, Науқанды Ұйымдастырушы бір Науқанға қатысушының SMS-хабарлама арқылы және Сайт арқылы тіркеген барлық Кодтарын ұялы байланыс операторының абоненттік нөміріне бағдарланып, бір Науқанға Қатысушының бірыңғай тіркеу жазбасына біріктіру мүмкіндігіне ие болады.

8.2.4. Науқанға Қатысушының сәтті тіркелгені расталған жағдайда Науқанға Қатысушысының виртуалды аккаунты болып табылатын «Жеке кабинетке» кіру мүмкіндігі ашылады. «Жеке кабинетте» Науқанға Қатысушының тіркелген кодтары туралы ақпарат бар және сақталады.

8.2.5. «Жеке кабинетке» кіру үшін Сайттағы тіркеу формасында тіркелу кезінде Науқанға Қатысушының көрсеткен логині (ұялы телефон нөмірі) мен құпия сөзін тіркеу нысанының тиісті жолағына енгізіп, «Кіру» виртуалды түймешесін басу қажет.

 8.2.6. Науқанға Қатысушы Сайтқа тіркелгеннен кейін Кодты тіркеу үшін «Кодты енгіз» виртуалды түймешесін басуы қажет. «Кодты енгіз» түймешесін басқан кезде Кодты енгізуге арналған арнайы жолағы бар қалқымалы терезе пайда болады. Науқанға Қатысушы слип-чектегі Кодты Кодқа арналған жолаққа енгізіп, «Тіркелу» түймешесін басуы қажет.

8.3.    Кодты тіркеу тәсілі – SMS арқылы:

Өзінің жеке ұялы телефон нөмірінен 7102 қысқа нөміріне кемінде 1 Код жіберуі қажет (бір SMS-хабарламаның құны – Қазақстан Республикасының барлық ұялы байланыс желілері үшін 7 теңге).

8.3.1. Науқанға қатысушылар жіберген SMS-хабарламалар келесі талаптарға сәйкес болуы тиіс:

  • 7102 ұялы байланыс операторының қысқа нөміріне SMS-хабарлама жіберген кезде Код SMS-хабарламада фискалдық чекте жалпы сомадан кейін көрсетілген Код түрінде, мысалы 125 7896 4514 цифрларын пайдалану арқылы жазылады.

8.3.2. Кодтарды тіркеген кезде мынадай SMS-хабарламалар қарастырылмайды:

  • SMS-хабарламада бірден артық Код болған жағдайда. Егер SMS-хабарламада бірден артық Код болған жағдайда кодты тіркеген кезде осындай SMS-хабарламада көрсетілген тек бірінші Код қана қарастырылады;
  • SMS-хабарламада Код жоқ болған жағдайда;
  • SMS-хабарламада бұрын жіберілген Код болған жағдайда;
  • SMS-хабарламада Науқанды Ұйымдастырушы Код ретінде сәйкестендіре алмайтын Код болған жағдайда (барлық кодтардың тізімі Науқанды Ұйымдастырушыда сақталады);
  • Науқанды Ұйымдастырушы SMS-хабарламаны Науқанға қатысуға берілген өтінімді қабылдау кезеңі басталғанға дейін (2020 жылдың 15 маусымы Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша 00 сағат 00 минуттан бұрын) алған жағдайда;
  • Науқанды Ұйымдастырушы SMS-хабарламаны Науқанға қатысуға берілген өтінімді қабылдау кезеңі аяқталғаннан кейін (2020 жылдың 31 шілдесі  Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша 23 сағат 59 минуттан кейін) алған жағдайда.

8.4. Жіберілген Кодтардың бәрі келіп түскен Кодтар өңделетін, Науқанға Қатысушылар туралы ақпараты бар Науқанды Ұйымдастырушының мәліметтер қорында сақталады.

Мынадай Кодтар қате болып саналады, ескерілмейді және тіркелмейді: 

·         ойдан шығарылған;

·         Науқанды Ұйымдастырушы Науқанға қатысуға берілген өтінімді қабылдау кезеңі басталғанға дейін (2020 жылдың 15 маусымы Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша 00 сағат 00 минуттан бұрын) алған;

·         Науқанды Ұйымдастырушы Науқанға қатысуға берілген өтінімді қабылдау кезеңі аяқталғаннан кейін (2020 жылдың 31 шілдесі  Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша 23 сағат 59 минуттан кейін) алған.

Науқанға қатысушы Науқанды өткізудің жалпы мерзімі аяқталғанша Науқанға қатысу үшін тіркеген кассалық чекті (тіркелген кассалық чектерді) сақтауға міндетті. Науқанды Ұйымдастырушының өтініші бойынша Науқанға Қатысушы Науқанды Ұйымдастырушы көрсеткен мерзімде, бірақ Науқанды Ұйымдастырушыдан сұраным алған күннен бастап 2 жұмыс күнінен кешіктірмей чектердің түпнұсқаларын және/немесе электрондық көшірмелерін ұсынуға міндетті.

8.5.    Науқанға қатысушының идентификаторы Сайтта тіркелу кезінде көрсетілген және Коды бар SMS-хабарлама жолданған ұялы телефон нөмірі болып табылады.

8.6.    Бір ұялы телефон нөмірі және/немесе электрондық пошта мекенжайы бір ғана Науқанға Қатысушының кодтарын тіркеу үшін пайдаланыла алады.

  1. Науқанның жүлде қоры

Науқанның жүлде қоры Науқанды Ұйымдастырушының ақшалай қаражаты есебінен құралады және келесі Жүлделерден тұрады:

9.1.    Күн сайынғы жүлделер – 100 000 (жүз мың) теңге (әрі қарай – Күн сайынғы жүлде). Барлығы – 47 жүлде.

9.2.    Апта сайынғы жүлделер – Xiaomi MiJia Smart Electric Scooter электрсамокаты (әрі қарай – Апта сайынғы жүлде). Барлығы – 7 жүлде.

9.3.    Бір Науқанға Қатысушы Науқанды өткізудің барлық кезеңінде әр түрдің бір ғана жүлдесін ұта алады.

9.4.    Талап етілмеген жүделердің, сондай-ақ Науқанға Қатысушылар алудан бас тартқан жүлделердің бәрін Науқанды Ұйымдастырушы өз ұйғарымы бойынша басқарады. Науқанға Қатысушылар жүлделерді қайта талап ете алмайды, оларға ақшалай өтемақы берілмейді.

9.5.    Науқан Жеңімпаздарын анықтау тәртібі

9.6.    Науқан жеңімпаздары келесі тәртіппен анықталады:

9.6.1. Күн сайынғы жүлделер ұту ойындары күн сайын Науқан өткізілетін барлық кезең бойы бір тәулік ішінде өткізіледі.

9.6.2. Жеңімпазды анықтау арнайы компьютерлік бағдарламаның көмегімен ұтысты Кодтарды кездейсоқ анықтау арқылы жүргізіледі.

9.6.3. Ең азы 1 код жіберген/тіркеген Науқанға қатысушыларға Күн сайынғы жүлде ұтқаны туралы хабарлама кездейсоқ түрде түсуі мүмкін.

9.6.4. Жеңімпазды анықтағаннан кейін Науқанды Ұйымдастырушы ұтқан Науқанға Қатысушыға ұтысты Код жіберген/тіркеген Науқанға Қатысушының тіркеу нысанында көрсетілген ұялы байланыс операторының абоненттік нөміріне телефон қоңырауын шалу арқылы хабарлайды.

9.6.5.     Егер Науқанды Ұйымдастырушы жеңімпаз анықталған сәттен бастап 24 сағаттың ішінде онымен хабарласа алмаса, бұл адам тиісті жүлде алу құқығынан айырылады. Мұндай жағдайда Науқанға Тапсырыс беруші Код жолдаған/тіркеген Науқанға Қатысушылар арасында және сол күні жіберілген/тіркелген Код ұтысты емес деген жауап алған Науқанға Қатысушылар арасында қайталап ұтыс ойын жүргізуге құқылы.

9.6.6.     Резервтік жеңімпаз анықталғаннан кейін жүлдені беру үшін Науқан Ұйымдастырушысы ұтқан Науқанға Қатысушыға ұтысты код жіберген/тіркеген Науқанға Қатысушының тіркеу нысанында көрсетілген ұялы байланыс операторының абоненттік нөміріне телефон қоңырауын шалу арқылы хабарлайды. 

9.6.7.     Егер Науқанға Тапсырыс беруші 24 сағат ішінде резервтік жеңімпазбен хабарласа алмаса, мұндай жеңімпаз тиісті жүлде алу құқығынан айырылады және Науқанға Тапсырыс беруші мұндай жүлдені өз ұйғарымы бойынша басқаруға құқылы.

9.6.8.     Апта сайынғы жүлделер ұту ойындары 2020 жылдың 22  маусымы мен 3 тамызы аралығында (барлығы 7 апта) апта сайын ағымдағы аптада Кодтарды жіберген/тіркеген Науқанға Қатысушылар арасында өткізіледі. Жеңімпазды анықтау арнайы компьютерлік бағдарламаның көмегімен ұтысты кодтарды кездейсоқ анықтау арқылы жүргізіледі.

Апта сайынғы жүлделер ұту ойынының күндері* төмендегі кестеде көрсетілген:

Кодтарды тіркеу кезеңі

Ұтыс ойын күні

15.06.2020–21.06.2020

22.06.2020

22.06.2020–28.06.2020

29.06.2020

29.06.2020–05.07.2020

06.07.2020

06.07.2020-12.07.2020

13.07.2020

13.07.2020-19.07.2020

20.07.2020

20.07.2020-26.07.2020

27.07.2020

27.07.2020-31.07.2020

03.08.2020

*Апта сайынғы жүлделер ұту ойынының кестесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген демалыс және мереке күндерін ескере отырып, сондай-ақ Науқанды Ұйымдастырушыға байланыссыз мән-жайлар орын алған жағдайда түзетілуі мүмкін. 

9.6.9. Апта сайынғы жүлдені алушыны анықтаған кезде Науқанды Ұйымдастырушы 1 негізгі және 2 резервтік жеңімпазды таңдайды. Жеңімпаз анықталғаннан кейін Апта сайынғы жүлдені беру үшін Науқанды Ұйымдастырушы ұтқан Науқанға Қатысушыға SMS-хабарлама жіберу арқылы ұтысты Код жіберілген/тіркелген немесе ұтысты кодты Сайтқа тіркеген Науқанға Қатысушының тіркеу нысанында көрсетілген ұялы байланыс операторының абоненттік нөміріне телефон қоңырауын шалу арқылы хабардар етеді.

9.6.10.       Егер Науқанды Ұйымдастырушы жеңімпаз анықталған сәттен бастап 48 сағаттың ішінде жеңімпазбен хабарласа алмаса, көрсетілген тұлға тиісті жүлде алу құқығынан айырылады, Науқанға Тапсырыс беруші оған жүлде беру үшін бірінші резервтік жеңімпазбен хабарласады.

9.6.11.        Науқанға Тапсырыс беруші жоғарыда көрсетілген мерзім ішінде бірінші резервтік жеңімпазбен хабарласа алмаса, онда мұндай жеңімпаз тиісті жүлде алу құқығынан айырылады, Науқанға Тапсырыс беруші оған жүлдені беру үшін екінші резервтік жеңімпазмен хабарласады.

9.6.12.        Науқанға Тапсырыс беруші жоғарыда көрсетілген мерзім ішінде екінші резервтік жеңімпазбен хабарласа алмаса, онда мұндай жеңімпаз тиісті Жүлдені алу құқығынан айырылады және Науқанға Тапсырыс беруші мұндай жүлдені өз ұйғарымы бойынша иеленуге құқылы.

  1. Күн сайынғы және Апта сайынғы жүлделерді алу шарттары, тәртібі мен мерзімі 

10.1.  Науқан жеңімпаздарының толық тізімі Сайтқа 2020 жылдың 20 тамызынан кешіктірілмей (әрі қарай – Науқанды өткізу нәтижелерін жариялау күні) жарияланады.

10.2.  Күн сайынғы жүлдені алу үшін жеңімпаз ұтыс туралы хабарланған сәттен бастап 2 күнтізбелік күннен кешіктірмей Науқанды Ұйымдастырушыға келесі деректерді/құжаттарды ұсынуы қажет:

  • «FLASH UP Energy®» СМ өнімін сатып алу туралы чектің, ұтысты код бар слип-чектің электрондық көшірмесі, бұл ретте кассалық чектің түпнұсқасын жеңімпаз бас жүлдені алғанша сақтап қоюы тиіс;
  • міндетті түрде ЖСН көрсетілген жеке куәліктің / Қазақстан Республикасында тұруға берілген ықтиярхаттың көшірмесі.

10.2.1.        Науқанды Ұйымдастырушы жеңімпаздан деректерді алғаннан кейін Науқан шарттарына сәйкестігін тексереді:

  • жеңімпаздың есімі тіркеу кезінде көрсетілген деректерге сәйкес келе ме;
  • жеңімпаз Қазақстан Республикасының азаматы немесе Қазақстан Республикасында тұруға берілген ықтиярхаты бар шетелдік азамат болып табыла ма; 
  • Науқанға қатысқан сәтте жеңімпаз 18 жасқа толған ба;
  • Жеңімпаз Науқанға Тапсырыс берушінің, Науқанды Ұйымдастырушының немесе «Magnum» сауда желісінің қызметкері емес пе;
  • Жеңімпаз Науқанға Тапсырыс берушінің, Науқанды Ұйымдастырушының отбасы мүшесі емес пе немесе «Magnum» сауда желісінің қызметкері емес пе;
  • жеңімпаз Науқанды Ұйымдастырушының немесе Науқанға Тапсырыс берушінің мүдделерін білдіретін тұлға емес пе.

10.2.2.        Науқан шарттарына сәйкессіздік анықталған жағдайда мұндай жеңімпаз тиісті жүлде алу құқығынан айырылады және Науқанға Тапсырыс беруші кодты сол күні тіркеген/жіберген Науқанға Қатысушылар арасында қайтадан ұтыс ойын өткізуге құқылы.

10.2.3.        Егер осы Ереженің барлық талаптары орындалған жағдайда, жеңімпаз күн сайынғы жүлдені алу үшін ұтыс туралы хабарланған сәттен бастап 3 күнтізбелік күннен кешіктірілмеген мерзімде Науқанды Ұйымдастырушыға мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:

  • банктік шотты ашу туралы анықтама немесе қолданыстағы карточкалық шоттың деректемелері;
  • пошта индексі бар нақты тұрғылықты мекенжай;
  • жеке куәліктің / Қазақстан Республикасында тұруға берілген ықтиярхаттың көшірмесі.

10.2.4.        Күн сайынғы жүлде сомасы осы Ереженің 10.2.3-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде жеңімпаздың бұрын ашқан банктік шотына аударылады.

10.2.5.        Ұтысты коды бар кассалық чектің түпнұсқасы болмаған жағдайда Науқанды Ұйымдастырушы Күн сайынғы жүлдені беруден бас тартады, демек, аталған жеңімпаз Күн сайынғы жүлдені алу құқығынан айырылады.

10.2.6.        Науқанды Ұйымдастырушы Науқанға Тапсырыс берушінің тапсырмасы бойынша қажет болған жағдайда Науқанға Қатысушыдан қосымша құжаттарды сұратуға құқылы.

10.3.  Апта сайынғы жүлдені алу үшін жеңімпаз ұтыс туралы хабарланған сәттен бастап 2 күнтізбелік күннен кешіктірмей Науқанды Ұйымдастырушыға келесі деректерді/құжаттарды ұсынуы қажет:

  • «FLASH UP Energy®» СМ өнімін сатып алған чектің, ұтысты коды бар слип-чектің электрондық көшірмесі, бұл ретте жеңімпаз кассалық чектің түпнұсқасын бас жүлде алғанша сақтап қоюы тиіс;
  • міндетті түрде ЖСН көрсетілген жеке куәліктің / Қазақстан Республикасында тұруға берілген ықтиярхаттың көшірмесі.

10.4.  Жеңімпаздан деректерді алғаннан кейін Науқанды Ұйымдастырушы осы Ереженің 10.2.1-тармағына сәйкес тексеру жүргізеді.

10.5.  Науқан шарттарына сәйкессіздік анықталған жағдайда, мұндай жеңімпаз тиісті жүлде алу құқығынан айырылады және Науқанға Тапсырыс беруші Кодты сол күні тіркеген/жіберген Науқанға Қатысушылар арасында қайтадан ұтыс ойын өткізуге құқылы.

10.6.  Осы Науқан Ережесінің барлық талаптары орындалған жағдайда Жеңімпаз апта сайынғы жүлдені алу үшін ұтқаны туралы хабарланған сәттен бастап 3 күнтізбелік күннен кешіктірмей Науқанды Ұйымдастырушыға мынадай деректерді/құжаттарды ұсынуы қажет:

  • жүлдені жеткізу қажет болатын тұрғылықты қала, мекенжайы;
  • міндетті түрде ЖСН көрсетілген жеке куәліктің / Қазақстан Республикасында тұруға берілген ықтиярхаттың көшірмесі;
  • чектің көшірмесі.  

10.6.1.        Жеке жүлделерді курьерлік қызмет қоңырау шалу барысында көрсетілген деректерге сәйкес, 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін үйге жеткізеді. Жүлдені алған кезде жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын көрсету қажет. Әйтпеген жағдайда жүлде берілмейді.

10.7.  Жеңімпаздың кінәсінен, кассалық чектің түпнұсқасын, жүлдені алуға қажетті ақпарат пен мәліметтерді ұсынбауды қоса алғанда, бірақ олармен шектелмейді, Жеңімпаздың жүлде ала алмауы оның жүлде алудан бас тартуы болып есептеледі.

10.8.  Науқанды Ұйымдастырушыға байланыссыз себептер бойынша тіркеу кезінде көрсетілген байланыстар бойынша жеңімпазбен хабарласу мүмкіндігінің болмауы және Науқанды өткізу кезінде жүлде алмау жеңімпаздың жүлде алудан бас тартуы болып есептеледі. Осы Ереженің 10.2 және 10.3-тармақтарында көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін жеңімпаз жүлдені талап ете алмайды.

10.9.  Барлық талап етілмеген жүлделерге, сондай-ақ Науқанға Қатысушылар алудан бас тартқан жүлделерге Науқанды Ұйымдастырушы өз ұйғарымы бойынша иелік етеді. Жеңімпаздар жүлделерді қайта талап ете алмайды, оларға ақшалай өтемақы берілмейді.

  1. Өзге де шарттар

11.1.  Науқанды Ұйымдастырушы келесілерге жауапты емес:

  • Науқанға Қатысушылардың Науқанға қатысуға және жүлделер алуға байланысты міндеттерді орындамауы (уақытылы орындамауы);
  • Науқанға Қатысушылардың Науқанды өткізу ережелерімен және оған қатысу шарттарымен таныспауы, сондай-ақ олардың Науқанды өткізу нәтижелерімен таныспауы;
  • Науқанды өткізу кезінде пайдаланылатын Интернет желісіндегі және/немесе байланыс арналарындағы техникалық проблемалар және/немесе алаяқтық салдарынан Науқанға Қатысушылардан хаттарды, қоңырауларды, факсимильді және/немесе электрондық хабарламаларды, оның ішінде пошта қызметінің, байланыс ұйымдарының кінәсінен ала алмауы;
  • Науқанға Қатысушылардан жүлде алуға қажетті құжаттарды және/немесе мәліметтерді ала алмауы (уақытылы ала алмауы);
  • Науқанға Қатысушылардан Науқанды өткізу және жүлделерді беру мақсатына қажетті толық емес және / немесе дұрыс емес байланыс және / немесе өзге де мәліметтерді алу.

11.2.  Кодтың қандай да бір тұлғаға тиесілігі туралы келіспеушіліктер туындаған жағдайда Науқанды Ұйымдастырушы дау-дамайға араласпайды.

  1. Науқанды өткізудің жалпы шарттары

12.1.  Науқанды өткізу ережелерімен және шарттарымен Сайт арқылы танысуға болады.

12.2.  Науқанға қатыса отырып, Науқанға Қатысушылар Науқанды Ұйымдастырушыға Науқанды өткізу мақсаты үшін өз еркімен берген дербес деректерді Науқанды Ұйымдастырушы, сондай-ақ олардың уәкілетті тұлғалары деректерді өңдеудің автоматтандырылған құралдарын қолдана отырып өңдейтініне өз келісімін береді.

12.3.  Науқанға қатыса отырып, Науқанға Қатысушы Науқанды өткізудің барлық ережелерімен және қатысу шарттарымен танысқанын және оған келісім беретінін растайды, оның ішінде өзін  жеңімпаз деп таныған жағдайда осы факт туралы ақпаратты, оның тегін, атын, әкесінің атын, фотобейнесін және тұратын қаласын Науқанды Ұйымдастырушы жариялайтынына келісім беретінін растайды. Бұл ретте жеңімпаз оның фотобейнелері өтеусіз негізде жарияланатынымен және болашақта оның фотобейнесінің осындай жарияланымы үшін қандай да бір сыйақы талап етпейтінімен келіседі. 

12.4. Сайтқа тіркелу және 7102 ұялы байланыс операторының қысқа абоненттік нөміріне коды бар SMS-хабарлама жіберу арқылы Науқанға Қатысушы Қазақстан Республикасының әрекет етуге қабілетті азаматы екенін немесе он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар тұлға болып табылатындығын, өзінің жеке және шынайы деректерін хабарлағанын растайды, Науқанға Тапсырыс берушіден жарнамалық науқандар, сыйлықтар, өнім үлгілері және басқа да ұсыныстар туралы ақпарат алуға келісім береді.

Науқанға Қатысушының келісімі Науқанды Ұйымдастырушыға және оның уәкілетті тұлғаларына осындай деректерді рұқсатсыз таратудан қорғаудың қажетті шараларын, Науқанды Ұйымдастырушы және/немесе оның уәкілетті өкілдері Науқанға Тапсырыс берушінің жарнамалық науқандарына қатысты, оның ішінде SMS-хабарламалар мен электрондық пошта хабарламаларын жіберуді қоса алғанда, электр байланыс желілері бойынша Науқанға Қатысушының сауалнамада көрсетілген деректерін жинауды, сақтауды, өңдеуді және пайдалануды жүзеге асыруға құқық береді. Келісім Науқанға Қатысушы Тіркеу деректерін хабарлаған сәттен бастап Науқанға Қатысушы оларды кері қайтарып алған сәтке дейін жарамды.

12.5.  Науқанға қатысушыдан келісімді қайтарып алу туралы хабарлама алған жағдайда Науқанды Ұйымдастырушы және оның уәкілетті тұлғалары мұндай Науқанға Қатысушының дербес деректерін өңдеуді тоқтатады және кері қайтарып алу туралы хабарлама келіп түскен күннен бастап 10 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде дербес деректерді жояды.

12.6.  Науқанды орындамау Науқанға Қатысушының келісімін кері қайтарып алуы нәтижесінде Науқанға Қатысушының дербес деректерін жою салдарынан орын алса, Науқанды Ұйымдастырушы Науқанды өткізуге байланысты әрекеттерді орындамағаны үшін жауапты болмайды.

12.7.  Ұйымдастырушы Науқанға Қатысушыларды тіркеуге және басқа да мәселелерге байланысты техникалық ақаулар үшін, оның ішінде келесілер үшін жауапты болмайды:

  • ұялы байланыс операторы нақты қалада (жерде) қызмет көрсетпесе, SMS-хабарлама жіберетін 7102 ұялы байланыс операторының қысқа нөміріне қосылу үшін;
  • ұялы байланыс операторларының желілерінде алдын алу жұмыстарын жүргізген жағдайда немесе Науқанды Ұйымдастырушының кінәсінсіз туындаған басқа да ақау салдарынан жауап ретінде келген SMS-хабарламаны кешіктіргені және/немесе жеткізбегені үшін, сондай-ақ Науқанды Ұйымдастырушының ұялы телефоны өшірілген немесе ұялы байланыс операторы желісінің әрекет ету аймағынан тыс болған жағдайда оны Науқан жүлдесінің иегері деп тану туралы хабарламаның жетпегені үшін;
  • контент-провайдер мен ұялы байланыс операторы арасындағы шарттық қатынастарды бұзғаны үшін және соның салдарынан ұялы байланыс операторының қысқа 7102абоненттік нөміріне SMS-хабарламаларды жіберудің мүмкін еместігі үшін;  
  • SMS-хабарламаларды кідірткені және/немесе жеткізбегені үшін, сондай-ақ Науқанды Ұйымдастырушының кінәсінен туындамаған ұялы байланыс операторларының кез келген өзге де техникалық іркілістері үшін.

12.8.  Науқан аясында Науқанға Қатысушы жіберген әрбір SMS-хабарламаны өңдеу нәтижесіне байланысты оған жауап ретінде Науқанға Қатысушы Науқанды Ұйымдастырушыдан көрсетілген шектеусіз SMS-хабарламалардың бірін алуы мүмкін:

  • қабылданған Код туралы және Науқанға Қатысушыны Күн сайынғы жүлде иегері деп тану туралы хабарлама;
  • Науқанға Қатысушыны Күн сайынғы жүлденің иегері деп тану туралы ескертілмеген, қабылданған Код туралы хабарлама;
  • Кодтың жоқ екендігі туралы хабарлама;
  • Кодтың бұрын іске қосылғаны туралы хабарлама;
  • Кодтың форматы қате екені туралы хабарлама;
  • Науқанға Қатысушының жіберген SMS-хабарламасы қате екені туралы, талпынысты тағы бір рет қайталауды өтінген хабарлама;
  • Кодты таңдау әрекеті пайдаланушының қате кодтарды жіберуі деп танылады.
  • Науқанның басталу күні туралы хабарлама;
  • Науқанның аяқталу күні туралы хабарлама.

12.9.  Тіркеу кезінде телефон нөмірін көрсете отырып және Қазақстан Республикасы ұялы байланыс операторының абоненттік нөмірінен SMS-хабарлама жібере отырып, Науқанға Қатысушы осы абоненттік нөмір Науқанға Қатысушының атына тіркелгендігін растайды (бұл ұялы байланыс операторының тиісті құжаттарымен расталады).

12.10.         Науқанға қатысушы Науқанды Ұйымдастырушы Науқанға Қатысушыға жүлдені (жүлделерді) беруден бас тарту немесе коды бар SMS-хабарлама жіберілген ұялы байланыс операторының абоненттік нөмірі заңды тұлғаға тіркелген жағдайда оларды беруді кейінге қалдыруға (бермеудің тиісті себептері шеттетілгенше) құқылы екендігімен келіседі.

12.11.         Науқанды өткізу барысында Науқанға Қатысушылар алатын жүлделерге салық төлеуді Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес Науқанды Ұйымдастырушы өз бетінше жүзеге асырады.

12.12.         Науқанды ұйымдастырушы Науқанды өткізу шарттарын өз бетінше өзгертуге құқылы. Мұндай өзгерістер сайтта жариялануға тиіс.

12.13.         Науқанды өткізу кезеңінде шығыс SMS-хабарламаның құны Қазақстан Республикасының барлық ұялы байланыс  желілерінің абоненттері үшін 7 теңгені (оның ішінде ҚҚС) құрайды. Қате сұраныс жіберілген жағдайда SMS жолдау қызметі көрсетілген деп есептеледі және ақша (7 теңге) абонент шотынан алынады. Науқанды Ұйымдастырушыдан түскен барлық кіріс SMS-хабарламалар Науқанға Қатысушы үшін тегін.

12.14. Науқанды өткізуге байланысты талап-тілектердің бәрін Науқанды Ұйымдастырушы ғана қабылдайды.

12.15.         Осы Ережеде көзделмеген барлық жағдайларда Науқанды Ұйымдастырушы және Науқанға Қатысушылар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.